01
апрель
2021
IV тоқсанның басталуы туралы.
Шу қаласы Төле би атындағы орта мектебінде ағымдағы жылдың 1 сәуірінде ұйымдастырылған түрде IV тоқсанның сабақтары басталды. Мектептің мектепалды топтары,1-ші сыныптан 11-сыныпқа дейін барлық оқушылар оқуға шықты.Әр сыныпта оқушылар саны 25-тен аспайды.Мектепте кезекшілік ұйымдастырылып, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес оқушыларды мектепке кіргізу үдерісі өткізілді. Мектеп әкімшілігі әр сыныппен кездесіп оқушылармен түсіндірме жұмысын жүргізді.
Жалпы дәстүрлі түрде білім алу үдерісіне 747 оқушы қосылды. Ата-аналармен Zoom платформасы арқылы жиналыстар өткізілді.





Жалпы дәстүрлі түрде білім алу үдерісіне 747 оқушы қосылды. Ата-аналармен Zoom платформасы арқылы жиналыстар өткізілді.





