ЕНТ туралы » Төле биСредняя школа имени
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Төле биСредняя школа имени "
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
18
апрель
2018

ЕНТ туралы

ЕНТ кезінде мектеп бітірушіге:

Сұрақ-кітапшалары таратылғаннан кейін, олардағы беттердің санын түгендеуі және баспаханалық ақаулардың болмауын тексеруі тиіс; Осындай ақаулар кездескен жағдайда кезекшіге немесе Министрлік өкіліне хабарлау керек;
Мұқият болу керек! Тестілеу басталарда емтихан материалдарымен қалай жұмыс істеу керектігі жөнінде қажетті мағлұматты хабарлайды;
Тестілеу кезінде тәртіп сақтау ережесін сақтауы тиіс! Егер Сіз аудиториядағы ЕНТ-ны ұйымдастырушыға сұрақ қойғыңыз келсе, қолыңызды көтеріңіз, орныңыздан айқайлап сұрамаңыз.Аудиториядағы тыныштық пен тәртіптің сақталуы емтихан материалдардының мазмұнын жақсырақ түсінуге көмектеседі;
Ойын жинақтауы тиіс! Бланктің қызметтік секторларын толтырып, өзіңізге түсініксіз жағдайларды анықтап болғаннан кейін, айналадағылар туралы ұмытып, ойыңызды жинақтауға тырысыңыз. Сіз үшін тапсырма мазмұны мен тестті орындауға жұмсалатын шектеулі уақыт қана маңызды болуы тиіс;
Қорықпау керек! Уақыттың қатаң шектеулері сіздің жауаптарыңыздың сапасына әсер етпеуі керек! Жауаптарыңызды енгізбес бұрын, сізден не талап етілетіндігін дұрыс түсінгеніңізге көз жеткізіңіз;
Тапсырманы соңына дейін оқып шығу керек! Асығыстық сіздің тапсырма шартын алғашқы сөздерінен-ақ түсінуге тырысуыңызға және соңын өз қиялыңыз бойынша аяқтауға әкеліп соқпауы тиіс;
Тексеруі тиіс! Өз жұмысыңызды тексеру үшін, тым болмаса, жауаптарыңызға тез көз жүгіртіп шығып, көрінген қателеріңізді байқауға міндетті түрде уақыт қалдырыңыз.
Назарыңызда болсын! Сіздің тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда нақтылы тапсырма бойынша апелляцияға өтініш беруге құқыңыз бар.
1. Тестілеуге өтініш беру
Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ЕНТ) қатысуғаөтініштімектеп бітіруші10 наурыздан 25 сәуіргедейін береді.
Өтінішті өзі білім алып жатқан білім беру мекемесіндетолтырады.
Өтініш беру үшін қажетті құжаттар:
жеке басын куәландыратын құжат;
2 фотосурет (3х4 өлшемді)
Өтініш деректер базасына енгізілгеннен кейін мектеп бітірушіге:
мектеп бітірушінің тіркелгендігі жөнінде анықтама;
тестілеуге кіруге рұқсаттама беріледі.
Оқу орны өтініш қабылдаудан бас тартқан жағдайда Сізге ЕНТ өткізу пунктіне (ЕНТӨП) барып беруге болады.
2. ЕНТ-ны өткізу тәртібі
ЕНТ бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі және қабылдаудың типтік ережелеріне сәйкес таңдаған мамандыққа байланысты таңдау пәні бойынша пәндердің біреуіне сәйкес өткізіледі.
ЕНТ нысанында тапсырылатын мектеп бітірушінің таңдау пәндері: география, физика, биология, химия, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті (орыс әдебиеті), шет тілі.
Шығармашылық немесе арнайы дайындықты қажет ететін мамандықтарды таңдаған бітірушілер үшін төртінші пәнді таңдау ерікті.
ЕНТ жалпы білім беретін пәндердің бағдарламасы негізінде әзірленген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен шығуы мүмкін емес.
ЕНТ-ны өткізу кезінде пайдаланылатын тест мазмұнының және дұрыс жауаптар кодын айқындайтын мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылады.
Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 25.
ЕНТ-ның нәтижелері 125 балдық жүйе бойынша және жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін бес балдық жүйе бойынша бағамен бағаланады.
3. Тестілеудің мерзімі мен ұзақтығы
Тестілеу ЕНТӨП-те 1 маусымнан 15 маусымға дейін жүргізіледі.
ЕНТ-ныңбасталу уақыты – сағат 09.00.
ЕНТ-ға бөлінетін уақыт – 3,5 астрономиялық сағат.
Алғашқы және соңғы сағаттарда аудиториядан шығуға тыйым салынады. Қалған уақыттарда аудиториядан дәліз кезекшісімен бірге ғана шығуға болады.
4. Апелляция
Тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтініштібітіруші тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 14-ке дейін бере алады және апелляциялық комиссия өтінішті бір тәулік мерзімінде қарайды.
Өтініш берушіде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат және ЕНТ-ға кіруге рұқсаттамасы болуы керек.
Апелляция тест тапсырмаларының мазмұны бойынша мынадай жағдайларда беріледі:
тест тапсырмасы дұрыс құрылмаған;
дұрыс жауабы жоқ;
бірнеше дұрыс жауабы бар.
Техникалық себептер бойынша апелляция мынадай жағдайларда қарастырылады:
дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер 2 дөңгелекше ретінде оқыған;
дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер оқымаған.
Өтініш беру барысында тестілеу нәтижесімен келіспеуінің себебін көрсету керек.

Похожие публикации:

18 апрель 2018 Бейінді оқыту
18 апрель 2018 Школьникам кеңес
02 сентябрь 2017 Мектеп
Наш адрес
Шу қаласы, С.Сейфуллин улица 2А, байланыс тел.(872643)22559

Важные ресурсы
©2016-2020, Ресми сайт Коммунальное государственное учреждение "Төле биСредняя школа имени " КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru