05
декабрь
2023
«Администрация жауапкершілік деген не?» тақырыбында түсіндірме жұмыстары
Төле би атындағы орта мектебінде Шу АПБ-нің ЖІІҚ-нің ювеналдық бөлімшесінің инспекторы,полиция лейтенанты «Администрация жауапкершілік деген не?» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты: білім алушыларға қылмыстың – қоғамға қауіпті әрекет, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, әкімшілік-қылмыстық кодекс баптары бойынша қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері, кінәні жеңілдететін, жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар туралы түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру.
Түсіндірме жұмысы барысында бала құқығы туралы ҚР заңнамалары,әкімшілік -қылмыстық кодекс баптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мектепте белгіленген ережелерді сақтауға кеңес беріліп,қажетті сын-ескертпелер айтылды.
Администрация-қылмыстық кодекс баптары бойынша 18 жасқа толмағандарға заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде болуға тыйым салынады.
Нақтырақ айтқанда:
• Қоғамдық мекемелерінде – 22:00 – 6:00
• Тұрғынжайдан тыс жерде сағат – 23:00 – 6:00
* Тұрғынжай заңды өкілдерінің тұрғылықты жерi болып танылады
(ҚР Азаматтық кодексі 16-бап)
Ойын-сауық мекемелеріне ойын мекемелері, түнгі клубтар, дәмхана-барлар, мейрамханалар, интернет-дәмханалар, компьютер, бильярд, кинотеатрлар, ойын-сауық мақсатындағы нысандар және спорт, мәдени-демалыс мақсатында қызметтер көрсетілетін өзге де ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар жатады. (ҚР «Администрация құқық бұзушылық туралы» кодексі 422-бап)
«Администрация құқық бұзушылық туралы» кодекске сәйкес, бала заңды өкілімен болуы тиіс, яғни ата-ана, асырап алушы, қорғаншы, қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-аналар, патронат тәрбиелеуші немесе олардың орнындағы басқа да адамдар.
Түнгі 22-00 ден кейін тәртіп бұзу дерегі бойынша ұсталған кезде кәмелетке толмаған бала полиция бөлімшесіне жеткізіліп, жеке басы анықталады және ата-анасына хабар беріледі. Бұл ретте, бала ойын-сауық мекемесінде ұсталған болса, ата-анасына бірінші рет ескерту жасалады. Бірақ тәртіп сақшыларының көзіне қайтадан түссе ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру, олардың құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөнiндегi, сондай-ақ оларға күтім жасау және күтіп-бағу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы бойынша – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.





