18
ноябрь
2017
Құқық негіздері сабағын оқыту мен оқу үдерісінде сындарлы оқыту әдістерін қолдану

Құқық пәні мұғалімі: Қадыр Тұрсын Қадырұлы
Құқық сабағын оқыту мен оқу үдерісінде сындарлы оқыту
теориясының тиімділігінің кейбір ерекшекліктері туралы.
теориясының тиімділігінің кейбір ерекшекліктері туралы.
Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында көрсетілген егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылу саясатына сәйкес қоғамымыздың барлық салаларында түбегейлі өзгерістер енгізіліп, жаңа талаптар қойылып жатыр.
Соның ішінде,жас ұрпаққа әлемдік деңгейінде білім беру мақсатына сай, білім мазмұнына жаңаша көз-қарас қалыптастыру негізгі міндеттердің бірі.Бүгінгі таңда білім берудің жаңа жүйесінің орнығуы, білім мазмұны мен әдіс – тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті жоғары, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой-өрісімен ерекшеленетін азаматты оқытуды көздейді.
Осыған орай, білім берудегі сындарлы теориялық оқытудың тәсілдері де жоғарыда айтылған ұстанымдарға негізделеді. Бұл тәсілдердің басқа технологияларға қарағанда өзгешелегі – 7 модульге сүйеніп іске асырылатыны.
Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, жинаған білімдерін сыныптан тыс тәжірибеде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұл міндеттер оқушылардың оқыған тақырыптары бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырып құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние –жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшкліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттілігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оқтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі.
Сындарлы оқытудың жоғарыдағыдай сипатталып, түсіндірілуі мұғалімнің ой-пайымы мен негізгі көзқарастарын, сондай-ақ сол көзқарас,пікірге қатысты бірқатар баламалы шешімдерді білуін де қамтиды.
Сындарлы оқыту теориясы оқушылардан оқу курсын өз бетімен оқып, өзіндік түрде меңгеріп, оны өмірмен байланыстыра білуін қажет етеді.
Осы бағдарламаны педагогика саласында тиімді ұйымдастыра алсақ, жақсы нәтижеге қол жеткізуімізге күмән жоқ. Өйткені бағдарламаның тиімді сабақ беру үдерісінде пайдалы екендігіне көзіміз жетті.
Мәселен, сабақ беру үдерісіндегі өзгерістерді сыныптағы парталарды топтық жұмыс жасауға икемдеу үшін орналастырудан бастау қажет. Сол кезде оқушылар бірлесіп, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып, топтық жұмыс жүргізіп, бір – бірімен еркін түрде ой алмаса алады. Алғашқы сабақтан бірден оқушылардың топта, жұпта, жаппай жұмыс жасау қызықты екенін кері байланыс арқылы анықтап алуға болады.
Оқушы жетістіктерін өрістетудегі басты тұлға – мұғалім. Мұғалімнің ой-пайымы мен негізгі көзқарастарын, сонымен бірге сол көзқарас, пікірге қатысты бірқатар баламалы шешімдерді білуге де маңызды.
Мәселен, құқық пәні бойынша тек оқулықтағы материалды оқып, соны жаттап алып, сондай-ақ мұғалім берген мәліметпен ғана шектеліп, қосымша деректерді қарастырмай, қанағаттанарлық еткен оқушылар да кездескен.
Сондықтан мұғалім өз жұмысында сабақ барысын қызықтырып, жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіруге, соған оқушыларды тартып, олардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық шабытын оятуға міндетті.
7 модульдердің ішіндегі аса маңыздысы – білім берудегі жаңа әдіс- тәсілдер қолдану болады. Сабақ беру кезеңінде жаңа тәсілімнің алғашқысы - тренинг. Тренинг оқушыларға жақсы ықпал беріп, оң әсер етеді. Олардың сабаққа деген ынтасын арттырып, ынтымақтастыққа баулыйды, бір-біріне достық қатынастарды орнатады. Мысалы, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ашу мақсатында «Менің азаматтық құқықтарым» атты тренинг ұйымдастыруға болады. Ынтымақтастық орта қалыптастыру мақсатында «Біз біртұтас сыныппыз» деп аталатын тренинг өткізу абзал. Осы тренинг арқылы оқушылар бір-бірін түсінуге, қолдауға, өз арасында жікке бөлінуді болдырмаудың маңызын түсінеді.
Кіріспе бөлімінде сабаққа байланысты интербелсенді тақтадан бейнефильм көрсетіп, оқушы өткен тақырыптарды еске түсіріп, көршісімен ой бөлісіп, осылайша шыңдалған ойлауға қадам жасап, жаңа білім жайлы ақпарат жинап, бұрыңғы біліммен ұштастыруға болады.
Сабақтың негізгі бөлімінде оқушылар INSERT – түртіп алу жүйесі бойынша оқулықтағы мәтінді қарап шығып, белгілеп, кестені толтырады. Осы жұмысты орындау кезінде жаңалықтарды, сәйкес келмейтін оқиғаларды, түсінбегендерін талқылап, тұжырымдайды. Сонымен, айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оқушының ойы ашылады.
Сындарлы ойларды дамыту үшін оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беріп, олардың әр түрлі идеяларын қабылдап, мадақтап, еркін жұмыс істеуге мүмкіндік туылады. Сонымен қатар, құқық сабағында рөлдік ойындарды қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады, олардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашады.
Оқушылардың топтасып тапсырманы орындауға, бірінің сұрақтарына бірі жауап беріп, бірін-бірі оқытып жатқанынан көрінеді. Яғни, оқушылар мұғалімнің тақырыпты, түсіндіргенімен, керісінше, өздерінің бірін-бірі оқытқан кезінде қажетті ақпаратты тиімді қабылдайды. Постер дайындаған кезде оқушылардың барлығы қамтылып, біреуі сурет салса, екіншісі тақырыпқа қатысты сөздерді тізбектеп, басқасы қорғауға дайындалып жатады. Бұл жерде бір-бірінің арасында ынтымақтастық орнап, көшбасшылар қасындағыларды да сөйлеуге тартып, бір-біріне қамқорлықпен көмектесе бастайды.
Сабақтың соңында оқушылар мен кері байланыс жасап, сабақ үстінде нені меңгердің, не қиын болды, қандай мәселе бойынша қосымша мәлімет беру керек, келесі сабақта нені ескере отырып жоспар жасау қажеттілігін анықтауғы болады.
Рефлексия кезеңінде жиі қолданатын шарттар арқылы бағалау тиімді. Осы бағдарлама мольдульдерін жүйелі түрде пайдаланып, оқушылардың білім сапасын көтеруге, сондай-ақ олардың пәнге, сабаққа деген ынтасын көтеріп биік жетістіктерге жетуге болатындығы күмәнсіз. Негізгі модульдерді жалпы гуманитарлық пәндер бойынша және жеке құқық пәнінде қолдану өте ұтымды.
Қорыта келсек,өз тәжірибемізде оқыту мен оқу үдерісінде сындарлы оқыту теориясының пайдалығы мен тиімділігін, түрлі әдістерін пайдалану кезінде, оқушылар ынтасының артқандығын, бір-біріне сыни көзбен қарауға үйренгендігін, өзіндік көзқарастарын білдіріп, ашық пікір-таласқа түсе алғандықтарын, ой-өрісінің кеңейгендігін, өз ойларына дәйекті дәлел келтіріп, тұжырым жасай алуға үйренгендігін байқатты. Болашақта сыни тұрғыдан ойлау әдістерін кеңінен пайдалануды жандандыру арқасында оқушылардың өз іс-әрекетіне сыни көзбен қарауына дағдыландыруды мақсат етуге толық мүмкіндік бар.