30
апрель
2025
Дарынды оқушылар марапатталды
30 сәуір күні «Төле би» журналының мұқабасына шыққан дарынды оқушылар марапатталды.
«Адамның даңқын шығарар – тек оның дарыны ғана». Спорт, ғылыми жоба қорғау, білім мен өнер бәйгесінен топ жарып жүрген білімгерлеріміздің мерейін үстем ете түсу мақсатында – мектеп журналының басты бетіне суреттерін шығарып, мектеп директоры тарапынан жылы тілек пен жігерлендірер сөздер айтылып, сертификаттар табыс етілді.
Білімді де білгір шәкірттеріміздің даңқы – тек биіктерден, жақсы атақпен үндесе шығып, алар асулары таусылмасын дегіміз келеді.
https://www.facebook.com/share/p/199YtDMAbp/

