23
апрель
2021
Электрондық форматтағы ЕНТ-ді ұйымдастыру және өткізу
Шу қаласы Төле би атындағы орта мектебінде 23 сәуір күні сағат 17.00 де 11-сынып оқушыларының ата-аналарына санитарлық талаптарды сақтай отырып мектеп директоры Қадыр Т. Қ., және ДОТІЖО Буенбаева Н.А. 1. Электрондық форматтағы ЕНТ-ді ұйымдастыру және өткізу. 2.Мектеп түлектерінің қорытынды аттестаттаудың өту барысы туралы түсіндіру жұмыстары мен қосымша ақпарат тар берді. Жиналыс барысында ЕНТ-дің электронды форматтағы өткізілу ережесімен, грантқа тапсыру 2 рет мүмкіншілігі бар екенін, сонымен қатар мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттау - оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан (01.06.2021) - алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан (04.06.2021) - Қазақстан тарихынан (тест) 07.06.2021ж. - өзге тілдерде оқытатын қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу (10.06.2021) болатындығы туралы ақпарат берді. Мектеп бітіруші түлектерге электрондық форматтағы ЕНТ тарсыруда берілетін мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, жоғары нәтижелерге қол жеткізулеріне, " Алтын белгі" және "Лучший аттестатқа үміткер оқушылар мен 11 сынып оқушыларына қорытынды аттестаттауды сәтті тапсыруларына тілектеспіз! 






























