«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» ОНЛАЙН БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» ОНЛАЙН БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ
24
сентябрь
2020

«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» ОНЛАЙН БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

✅«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» ОНЛАЙН БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

📌ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық офисі және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Парасатты отбасы» онлайн байқауын өткізеді.
📌Облыстық байқауға парасатты, қоғамда белсенді, ой-өрісі кең, ізденімпаз оқушылар мен білімгерлер өз жанұясымен, сондай-ақ, байқауға облыстағы әртүрлі қызмет саласында жұмыс атқаратын отбасылар қатыса алады.
📌Қатысушылар әлеуметтік желілерде парасаттылық туралы ойлары және адалдықты насихаттайтын материалдарды жариялауы қажет. Оған қоса, парасаттылық, адамгершілік үлгілерін көрсететін 4-5 минуттық сапасы жоғары бейнеролик дайындап, әлеуметтік желілерге «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық офисін белгілеп #Жамбыладалдықалаңы хэштегімен орналастыруы шарт.
📌Байқауға қатысу туралы өтінім 2020 жылғы 14 қазанына дейін келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті, Тараз қаласы, Бектұрғанов к-сі 6, тел.8 (7262) 43-74-61, raikulova.jazira@mail.ru және aliya_kulenova@mail.ru, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары sulujan_02@mail.ru.

Похожие публикации:

02 февраль 2020 Адалдық алаңы
06 сентябрь 2019 Адалдық сағаты
06 сентябрь 2019 Адалдық сағаты
16 сентябрь 2016 Мекен жайымыз