БАЯНДАМА: «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ РЕСУРСТАРЫ МЕКТЕПТЕРДЕГІ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҚАЛАЙ ӨЗГЕРТЕ АЛАДЫ»
БАЯНДАМА: «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ РЕСУРСТАРЫ МЕКТЕПТЕРДЕГІ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҚАЛАЙ ӨЗГЕРТЕ АЛАДЫ»
ДЖАНГАРАШЕВА
Ардақ Толепбаевна
Жамбыл облысы Шу ауданы
Төле би атындағы орта мектебінің директоры, география пәнінің мұғалімі- шеберлидер-басшы
Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отан сүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау ұстаздың басты міндеті деп білемін.Қазақстандағы білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні тиімді енгізу инфрақұрылымдық мүмкіндіктерді, оқу жəне білім беру бағдарламаларының мазмұнын, сондай-ақ педагогтер мен білім алушылардың цифрлық құзыреттерін ескере отырып, қазіргі жағдай мен дайындық деңгейіне жан-жақты бағалау жүргізу қажет.Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект алдағы жылдары өте қарқынды дамып, жұрттың өмір туралы ұғымын, тіпті тұрмыс-тіршілігін де түбегейлі өзгертетініне тоқталды.Жасанды интеллектіні жаппай енгізу және жаппай цифрландыру еліміздің барлық саладағы әлеуетін еселеп арттыратыны сөзсіз. 2024–2029 жылдарға арналған жасанды интеллектіні дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында орта білімнің үлгілік оқу бағдарламаларының құрамына «Жасанды интеллект негіздері» атты жеке оқу модулін енгізу жоспарлануда. Бұл білім алушылардың жасанды интеллект қағидаттары мен қолдану салаларымен ерте танысуына мүмкіндік беріп, əрі қарайғы оқу мен кəсіби қызмет үшін қажеттібазалық білім мен дағдыларды қалыптастырады.Жасанды интеллект, тәрбие және тәрбие процесі, білім берудегі технологияның интеграциясы,білім берудегі жасанды интеллект оқу процесін қол жетімді, жекелендірілген, интерактивті және тиімді ету арқылы жақсартуға бағытталған. Ол мұғалімдерге, оқушыларға және оқу орындарына жылдам өзгеретін цифрлық дәуірге бейімделуге көмектеседі және білім сапасын келесі деңгейге көтереді.
Қазақстанның оқу бағдарламаларына жасанды интеллектіні (ЖИ) кіріктіру – бəсекеге қабілетті кадрларды даярлауға бағытталған жəнемемлекеттік бастамалар арқылы қолдау тапқан стратегиялық басымдық екендігін ескере отырып Төле би атындағы орта мектебінде 2024-2025 оқу жылдарынан бастап әдістемелік кеңестің шешімімен әр әдістемелік бірлестіктің ұстаздар цифрлық ресурстарды, жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын өз сабақтарында кіріктіп өткізсе,биылғы 2025-2026 оқу жылында №1 педагогикалық кеңестің шешімімен “Жасанды интеллектіні сабақта тиімді қолдану арқылы білім сапасын арттыру аспектілері” тақырыбында шығармашылық зерттеу жұмыстарын жүргізу жобасы қабылданды және жобаның негізінде “Ізденіс” шығармашылық тобы құрылып65 мұғалім қамтылып, зерттеу жұмыстарының жоспары бекітілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында:“Жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру әлдеқайда ерте жастан, яғни мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиісжәне бірқатар бастаманы жүзеге асырған жөн. Ұстаздар жасанды интеллект технологиясын меңгеру дағдысын да қалыптастыру керек болады”-деген болатын. Осыған орай биыл мектебіміздің ұстаздары “Білім берудегі жасанды интеллект инновациялық технологиялар мен оқу үдерісінің цифрлық трансформациясы” тақырыбында 80 академиялық сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсынан өтіп 94 мұғалім сертификаттарын алды Республикалық Daryn Ustaz педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру орталығы мен Оқу-ағарту Министрлігінің ұйымдастыруымен “Жасанды интеллект-мұғалімнің көмекшісі: Идеядан инновацияға дейін” педагогтарға арналған байқау жарияланған бұл байқауға - 26 мұғалім өз жобасын дайындап қатысты.Былтырғы 2024-2025 оқу жылында «Білім саласындағы цифрлық технологиялар, жасанды интеллект» тақырыбында Астана қаласында өткен Халықаралық Ұстаздар саммитіне орыс тілі мұғалімі М.Қ. Шнарбекова, ағылшын тілінің мұғалімі Г.А.Умирбекова қатысып АҚШ, Канада, Сингапур, Ресей мемлекеттерінен келген профессор, академиктерден дәріс алып нәтижесінде екі мұғалімде халықаралық сертификатқа ие болды.
Орыс тілі мұғалімі М.Қ. Шнарбекова
“Тиімді әдістер мен жасанды интеллекг тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың ағылшын, орыс тілінде сөйлеу, оқу, талдау және жазу дағдысын дамыту” тақырыбында өз жобасын ұсынған ағылшын тілінің мұғалімі Г.А.Умирбекова халықаралық сертификатты иеленді.
Ағылшын тілінің мұғалімі Г.А.Умирбекова
«Жасанды интеллект» сөзі алғаш рет 1956 жылы Дартмут университетінде өткен конференциясының преамбуласында Джон Маккарти қолданған. Маккартиге сәйкес «жасанды интеллектіні» зерттеушілер нақты проблеманы шешу үшін адамдарда байқалмайтын интеллектіні зерттеуіне болады. Жасанды интеллект жүйелері арнайы логикалық жүйелер арқылы компьтерлік бағдарламада жүзеге асырылған адам интеллектің жеке аспектісін ұдайы өндіретін техниалық жүйелер.
Жасанды интеллект осы салаға қандай технологиялық компоненттер кіретінін анықтайық. Көптеген зерттеушілер әртүрлі аспектілерге, соның ішінде машиналық оқытуға, нейрондық желілерге және деректерді өндіруге, олардың оқушылардың қажеттіліктеріне бейімделе алатын интеллектуалды жүйелерді құрудағы рөліне назар аударды.Жасанды интеллектіні дамыту бойынша негізгі 3 бағыттажұмыс жүргізіп жатыр: біріншісі – жасанды интеллект саласында кадрларды даярлау; екіншісі – ғылыми зерттеулерді іске асыру; үшіншісі – қазақ тілін дамыту үшін жасанды интеллектіні қолдану. Қазіргі таңда біздің негізгі міндетіміз – жоғары білімді жасанды интеллект дәуірінің талаптарына бейімдеу. Қазіргі заманда білім әр халықтың, әрбір жеке тұлғаның болашағын айқындайтын негізгі факторлардың біріне айналды. Білімнің жоғары деңгейін ұстап тұру – әрбір қоғамның өзінің ғылыми-техникалық прогресін, экономикалық дамуын және азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, алдына қоятын міндеті.Қазіргі таңда барлық салада жаппай атқарылып жатқан нәтижелі жұмыстар арқылы еліміз Орталық Азиядағы ең озық цифрлы мемлекетке айналып отыр. Бұған британдық «Оксфорд Инсайтс» компаниясының Елдердің жасанды интеллектіні енгізуге дайындығы рейтингісінде 193 мемлекеттің ішінде 76-орынды иеленуіміз айқын дәлел.Бүгінгі таңда жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар адамзат тіршілігінің барлық саласына тың серпін беріп, жаңа даму көкжиектерін ашып отыр. Атап айқанда, экономикадан бастап, денсаулық сақтау, көлік, қаржы және білім беру секілді салаларда адам өмірін жеңілдетіп қана қоймай, болашақ өркениеттің негізгі тірегіне айналып келе жатқанын айқын көрсетеді. Әлем мемлекеттері осы үдеріскеілесіп, заманауи технологиялар арқылы өз әлеуетін арттыруда.
Білім берудегі жасанды интеллект анықтамасы оқу процесін жақсарту және білім беру мүмкіндіктерін байыту үшін адамның интеллектіне еліктеп, арттыруға арналған технологиялық әдістер мен жүйелерді пайдалану информатика,география,физика пәндері бойынша өткізілген сабақтарда өз нәтижесін беруде.
Жасанды интеллект оқушылар мен мұғалімдерге оқыту процесін жеңілдетіп, тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Информатика География
Мектептерде жасанды интеллектті қолдану мұғалімдер үшін оңтайлы шешім болып келеді. Өйткені жасанды интеллект мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді. Сабақ жоспарын құрудан бастап, кезкелген құжатты өңдеуге дейін.
Төле би атындағы орта мектеп ұжымы жаңа 2023-2025 оқу жылында “Нәтижеге бағытталған оқыту мен оқуды басқару аясында функционалды сауатты, адал азамат жеке тұлғасын қалыптастыра отырып білім сапасын арттыру” мақсатында ЖИ-ресурстарын пайдалана отырып ғалымдармен жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде оқушылардың жетістіктері көбейіп, білім сапасы артты.
Жасанды интеллект ресурстарын сабақта тиімді пайдалану оқушылар мен мұғалімдерге оқыту процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді және нәтижесінде білім сапасы артады.
2021-2022 | 2022-2023 | 2023-2024 | 2024-2025 |
67 % | 71% | 70% | 73% |
Білім сапасының салыстырмалы мониторингі
Жасанды интеллект біздің өміріміздің барлық саласына еніп жатқан керемет қуатты құрал және білім де артта қалмайды. Біз жасанды интеллект қазірдің өзінде білім беру процесіне қалай оң өзгерістер енгізіп жатқанын және оқушылар мен мұғалімдерге жаңа мүмкіндіктер беріп жатқанын қарастырдық. Дербес оқыту, процестерді автоматтандыру, деректерді жинау және талдау, виртуалды мұғалімдер мен білім беру қосымшаларын жасау білім беру сапасын арттырады және пайда әкеледі.
Жасанды интеллект білім беру жүйесіне енгізілсе, оқушылар цифрлық дәуірде қажетті дағдыларды дамыта алады және жекелендірілген оқу тәжірибесіне ие болады. Дегенмен, деректердің қолжетімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мұғалімдерді оқыту әділ білім беру мүмкіндіктерін жасау үшін басымдық болып қала береді.Осы орайда мектебімізде “ІЗДЕНІС” шығармашылық топ мүшелері арасында ЖИ арқылы жасалған оқу материалдары, сабақ үлгілері мен жаңа идеялармен бөлісу арқылы өзара тәжірибе алмасу алаңын құру мақсатында “Жасанды интеллект-заманауи мұғалімнің цифрлық көмекшісі” тақырыбында мектепішілік практикалық-семинар өткізілді.
Ғылыми-практикалық семинар
Дегенмен, білім беру саласына жасанды интеллект енгізу бірқатар қиындықтарды да тудырады. Сандық теңсіздік, этикалық мәселелер және деректердің құпиялылығы мәселелері назар аударуды және шешімдерді қажет етеді. Мұғалімдерді оқыту және білім беру ұйымдарында ЖИ-ті тиімді пайдалану үшін негіз құру да бірдей маңызды.Жасанды интеллект білім берудің ажырамас бөлігіне айналуда, біздің оқу және табысқа жету жолын өзгертеді. Қиындықтарға қарамастан, осы саладағы ілгерілеудің келешегі жігерлендіреді, қазіргі заманғы әлемнің қажеттіліктерін көрсететін неғұрлым қолжетімді, жекелендірілген және сапалы білім беруге жол ашады.Болашақта бұл технологияны білім беруде одан әрі дамытудың болашағын көріп отырмыз. Жекелендірілген оқыту қолжетімді және тиімді болады, қашықтықтан оқыту дамиды және білім беру зерттеулері Жасанды интеллект ұсынатын деректер мен талдау арқылы қолдау табады.Жасанды интеллект ақпаратты, оқу материалдарын және тапсырмаларды қамтамасыз ету арқылы оқушыларға оқу процесінде көмектесетін виртуалды мұғалімдер мен білім беру қолданбаларын жасау үшін пайдаланылуы мүмкін.
Білім берудегі жасанды интеллект оқу процесін қол жетімді, жекелендірілген, интерактивті және тиімді ету арқылы жақсартуға бағытталған. Ол мұғалімдерге, оқушылараға және оқу орындарына жылдам өзгеретін цифрлық дәуірге бейімделуге көмектеседі және білім сапасын көтереді.
Білім берудегі ЖИ дамуының өзекті мәселелері мен тенденциялары:
Дербес оқыту: Жасанды интеллект әрбір оқушының қажеттіліктері мен деңгейіне сәйкес келетін жекелендірілген оқу жоспарлары мен материалдарын жасауға мүмкіндік береді.
Білім беруде жасанды интеллектті дамыту мен пайдаланудың қазіргі қиындықтары мен тенденцияларын талқылау бұл технологияның білім беру үдерісіне қалай әсер ететінін және оны жүзеге асыру барысында қандай қиындықтар туындайтынын түсіну үшін маңызды. Міне, осы саладағы кейбір негізгі қиындықтар мен тенденциялар:
Оқыту процестерін автоматтандыру: Жасанды интеллект мұғалімдерге баға қою сияқты күнделікті тапсырмаларды азайтып, олардың уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Кері байланыс және бағалау: Жасанды интеллект оқушылар мен мұғалімдерге жылдам және егжей-тегжейлі кері байланыс беріп, олардың жұмысын жақсартуға көмектеседі.Осы қиындықтар мен тенденцияларды талқылау жасанды интеллект білім беруді қалай өзгертетінін және оның пайдасын барынша қамтиды.
Жасанды интеллект (ЖИ) — қазіргі таңда әлемді түбегейлі өзгертуге бағытталған қуатты технология. Оның болашағы айтарлықтай зор, себебі ЖИ көптеген салаларда адам өмірін жеңілдетіп, тиімділігін арттырып, жаңа мүмкіндіктер аша алады. ЖИ-дің пайдалылығы тек өндіріс пен экономиканың ғана емес, медицина, білім беру, экология, қауіпсіздік сияқты салаларда да байқалады. Ол автоматтандыру, деректерді талдау, жеке тұлғаға бейімделген қызметтер ұсыну сияқты қызметтер арқылы қоғамның дамуына әсер етеді. ЖИ-дің болашағы оның тек техникалық прогресстен аса, адамның психологиясына, шығармашылығына, моральдық және этикалық құндылықтарына әсер ететін деңгейге жетуімен ерекшеленеді. Адам мен ЖИ арасындағы қарым-қатынас, эмоцияларды тану және өзін-өзі түсіну сияқты тақырыптар болашақта маңызды орын алатын болады. Қорыта келгенде, жасанды интеллект болашақта адамзатқа жаңа мүмкіндіктер, инновациялар және даму жолдарын ұсынады. Оның пайдалы қолданылуы арқылы біз өмір сапасын жақсартып, ғаламдық мәселелерді шешуге ықпал ете аламыз. Бірақ бұл технологияның адамзатқа толықтай пайда әкелуі үшін оның даму бағытын этикалық және әлеуметтік тұрғыдан дұрыс бағытта басқару маңызды болмақ.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауы-Астана -, 2025ж
- Баймухамедов, М. Ф., & Молдамурат, К. (2019). Искусственный интеллект: современная теория и практика. Материалы международной научно-практической конференции «Байтурсыновские чтения – 2019», Костанай, 501–504.
3. Джонсон, А. (2019). «ЖИ негізіндегі білім берудегі этикалық ойлар». Білім беру этикасы, 12(2), 45-58.
4.Рассел, С., & Норвиг, П. (2016). Искусственный интеллект. Современный подход (2-е изд.). Санкт-Петербург, 258.
5.Пиковер, К. (2021). Искусственный интеллект. Иллюстрированная история. От автоматов до нейросетей. 250.
6.Isakov, Yu. A. (2018). Artificial intelligence. Modern Science, 6(1), 25–27.
7.Борисова, Е. В. (2018). Современный тренд образовательной среды - искусственный интеллект и цифровая педагогика. Научные труды Всероссийской научно-практической конференции, Тверь, 84–87.