«AMANAT» партиясы Шу аудандық филиалы«Жамбыл» бастауыш партия ұйымының 2023 жылдың маусымы мен 2026 жылдыңалығында атқарған жұмысы туралы » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «AMANAT» партиясы Шу аудандық филиалы«Жамбыл» бастауыш партия ұйымының 2023 жылдың маусымы мен 2026 жылдыңалығында атқарған жұмысы туралы
05
июнь
2026

«AMANAT» партиясы Шу аудандық филиалы«Жамбыл» бастауыш партия ұйымының 2023 жылдың маусымы мен 2026 жылдыңалығында атқарған жұмысы туралы

«Жамбыл» бастауыш партия ұйымының төрайымы, конференция делегаты Джангарашева Ардақ Толепбаевнаның сөзі


«AMANAT»  партиясы  Шу  аудандық   филиалы«Жамбыл»  бастауыш партия  ұйымының 2023 жылдың маусымы мен 2026 жылдыңалығында  атқарған   жұмысы  туралы

Құрметті, есеп беру-сайлау жиналысына қатысушылар және қонақтар!


 «AMANAT» партиясы Қазақстандық көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейде де бағыт-бағдары айқын және даму барысы дараланған партия. і. 

Біз, аманаттықтар  стратегиялық жоспарын іске асыруда оның сенімді тірегі болып табыламыз және экономикалық дамудың жоғары қарқынына қуат қосып, азаматтардың әл-ауқатының бұдан әрі өсуіне қызмет етеміз.      

         

         «AMANAT» партиясы Шу аудандық филиалы біздің«Жамбыл»   БПҰ-да партия жобалары бойынша жұмыс жоспары жасалынып, атқаруға жауаптылар белгіліп, жүйелі жұмыстар атқарып келеді. .

«Жамбыл» БПҰ-да 274   партия мүшесі бар. Оның ішінде білім саласында – 250, мемлекеттік қызметкерлер-22, зейнеткерлер-11, .

Есепті кезеңдегі партия мүшелерінің сандық, сапалық құрамының өсу тенденциясының, тиісінше мүшелік жарна көлемінің де артқанын байқауға болады.

БПҰ-ның мақсатында партия мүшелері мен партиялық құрылымдарының өзге де мемлекеттік органдар арасында кері байланыс орнату, жұмыс жоспарында әдеп, этикет нормаларының партия мүшелері арасында бұзылуына жол бермеу мақсатындағы жұмыстар   қамтылған. 

 2023-2026 жылдар аралығында жоспарланған іс-шаралар толықтай орындалды деуге негіз бар.Жамбыл БПҰ-ң мүшелері қарапайым адамдар өмірін жақсартуға бағытталған аса маңызды міндеттерді нақты іске асыру жолында жүйелі жұмыстар аткарып келдеді Соның дәлелі ретінде біздің БПҰ партиялық жобаларды іске асуруда өз үлестерін қосуда.

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында 1 қазан – қарттар күніне, 9 мамыр жеңіс күніне және 5-қазан мұғалімдер күніне орай БПҰ ұйымдастыруымен жалғыз басты қарияларға, тыл еңбеккерлеріне қайырымдылық шаралары жасалып, азық түлік себеттері апарылды. Ауған соғысы ардагерлері,еңбек ардагерлері мен ардагер ұстаздарымызды шақырып мерекелік бағдарламалар жасалынып  концерттер берілді.

 «Ұлттық мұра» партиялық жобасы бойынша ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында мектеп оқушыларымен әр түрлі кездесулер мен байқаулар өткізілді. Оның ішінде ұл балаларға арнап еңбек пәні мұғалімі Е.Диханбаев және жылқышы болғанЖангуттин аға кездесуге шақырылып жылқыға қажетті ат әбзелдерімен таныстырып бірлескен шебер сынып өткізді.   Ұлттық киім үлгілері,мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру , жиһаздар мен тағамдарды, ұлттық құндылықтарды үнемі жас ұрпақтарға насихаттап таныстырып отырады.. Дене шынықтыру пән мұғалімдері ұлттық спорттық /тоғыз құмалақ,арқан тартыс/ ойындарынан байқаулар өткізді.

«Жастарға жұмыс» партиялық жобасы бойынша   жастарға арналған «Жастарға кеңес» мемлекеттік бағдарламаларының түрлі бағыттары мен түсіндірмелері бойынша консультациялық іс-шаралар жүзеге асырылды.                                                                                                                       Осы жылы «Жамбыл» бастауыш партия ұйымының қатарына 5 жас маман қабылданды.Сонымен қатар «Жас мамандардың кәсіби дамуы ,білім берудегі жаңа тренд, жаңа көзқарас» қалыптастыру мақсатында дөңгелек үстел , интеллектуалдық байқауалр өткізіліп тұрады.

«Таза Қазақстан» партиялық жобасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен халықтың экологиялық мәдениетін, сауатын арттыру, қол жеткізілген нәтижелерді нығайту және экологиялық сананы ұзақмерзімді перспективада қалыптастыру мақсатында «Халықтың экологиялық мәдениетін дамытудың 2024- 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бекітілді.Бұл құжат экологиялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды. Осы орайда республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды.  Іс- шара еліміздегі экологиялық ахуалды жақсартуға, халықтың экологиялық мәдениеті деңгейін арттыруға және азаматтарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тартуға бағытталған.

Республикалық "Туған жерге қамқорлықпен" атты экологиялық байқауға партия мүшелері оқушыларымен қатысып, жеңіске ие болды. Жеңімпаз атаны 900 000 тг көлеміндегі сертификатты ұтып алды.

Халықтың Экологиялық білімін көтеру мақсатында«Жамбыл» БПҰ-на қарасты мектеп,балабақшалардың  фойесіне «Қысқы бақ» жасақталды және мектептің ауласын көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп келеді..

«Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасы аясында әр азаматты өз ауласы мен көшесін таза ұстауға бейімдеу, салауатты өмір салтын ұстану және жастарды еңбексүйгіштікке баулу мақсатында қала әкімі ұйымдастырылған «ТАЗА ҚАЛА» атты тазалық жарысына қатысып, бастауыш партиясының мүшелері “Проблема тобы ІІ орын иеленді және 80 000 тенге сертификат ұтып алды.

«Бақытты отбасы» партиялык жобасының аясында Республикалық сеніммен болашақ ұйымымен ынтымақтастық меморандум аясында мектебімізде  «Менің бақытты отбасым» байқауы 3-жыл қатарынан   өткізіліп,жыл соңында байқау қорытындысы шығарылып жеңімпаздар ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 1 тамызы мен 30 кыркүйегі аралығында  оқушыларга жана оку жылына дайындыққа бағытталған «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Акция барысында партия мүшелері акцияға өз үлестерін қосты. Аз қамтылған көп балалы, толық емес, ата-анасының қамқорлығынсыз қалган оқушыларға көмек беру жұмыстары жүргізілді.Партия бастамасымен бастау алған "Балаларды мектепке даярлаймыз" республикалық қайырымдылық акциясы өткізілді


“Кедергісіз келешек”жобасы Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға қамқорлық көрсету қажеттілігі туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру, оларды белсенді әлеуметтік және экономикалық өмірге тарту мақсатында білім мекемелерінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды маусымдық жұмыстарға қамту,мектеп жасындағы балаларды мектептегі байқау,конкурстарға баулу  жұмыстары жүргізілді. 

«Кітап-AMANAT» партиялық жобасы аясында “Оқуға құштар мектеп" байқаулары өткізіліп, партия мүшелері мен оқушылар белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

«QAISAR» партиялық жобасы аясында Шу аудандық полиция бөлімі мен Төле би атындағы мектеп арасында патриоттық тәрбиені жандандыру мақсатында  өзара ынтымақтастық меморандумға қол қойылды. «Жас сақшы» сыныбы ашылып   сыныптың лентасын Жамбыл облысы ПД бастығы  генерал-майоры Сұлтанбаев Қайсар Әбілекұлы арнайы келіп кесіп, жаңа жобаның маңызын атап өтіп  біріккен жоспар бекітілді.

Баяндамамды қорыта келе:«Еліміздің келешегінің кемел болуы, гүлденіп өркендеуі қазіргі жастарға, олардың білім деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігіне тікелей байланысты»екенін атап айтқым келеді.


Баяндама аяқталды, назарларыңызға рахмет!