АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА! » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
апрель
2025

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Төле би  атындағы орта мектебі"  КММ-не 2025-2026 оқу жылына  1 сыныпқа қабылдау 2025 жылдың 1 сәуірінен басталып, ағымдағы жылдың 31 тамызына дейін жүргізілетінін ескертеміз.                
🔴2025-2026 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы жүзеге асырылады.
✅Бірінші сыныпқа өтініштер ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін қабылданады.
✅Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
🗃️Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар:
* Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан);
* Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
* Денсаулығы туралы анықтамасы (медициналық паспорт);
* 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
* 3*4 екі фотосурет.                                                        
🖥️Мектепте өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасайды.                                                
🏫Мектептің мекен жайы:
Шу қаласы, С.Сейфуллин 2 а көшесі  Төле би  орта мектебі
тел: 2-25-59