29
октябрь
2025
"Мұғалім мен жасанды интеллект : өзара ықпалдастық пен мүмкіндіктер " тақырыбында әдістемелік мектепішілік семинар
Сабақ барысында қолдануға болатын ЖИ ресурстарымен танысу, тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерімен танысу, мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын арттыру, әдістемелік қолдау, өзара тәжірибе алмасу бағытында 29-қазан күні, Төле би атындағы орта мектебінде "Мұғалім мен жасанды интеллект : өзара ықпалдастық пен мүмкіндіктер " тақырыбында әдістемелік мектепішілік семинар өтті
Семинар "Ізденіс" шығармашылық топ мүшелерінің зерттеу тақырыптары аясында атқарылып жатқан зерттеу жұмыстарының негізінде мектеп директоры А.Т
Джангарашеваның алғы сөзімен басталып, Жасанды интеллект қолдану мүмкіндіктері туралы ДӘІЖО Джумабаева С К ақпараттық презентациялық таныстырылым жасады. Келесі кезекте, Умирбекова Г А. , Карабекова Р С, Рысқожаев М Б ұстаздар өз тәжірибесімен бөлісті. Семинарда тақырыптар жан-жақты талқыланып, ұстаздар өздеріне қажетті көптеген мағлұматтар алды.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0dRF9j47zeZbe6igG3oSFuPoQBEiKtNVE1UKTi3un9Av44VezRfKNibccJoVmxFiKl&id=100006747017786
