08
январь
2025
"Халықаралық зерттеу тапсырмаларын сабақта тиімді қолдану арқылы білім сапасын арттыру аспектілері"
Бүгін, 08 қаңтар күні, Төле би атындағы орта мектебінде педагогикалық кеңестің күн тәртібінде қаралатын "Халықаралық зерттеу тапсырмаларын сабақта тиімді қолдану арқылы білім сапасын арттыру аспектілері" тақырыбындағы мәселесі мектебімізде мектепішілік семинар форматында өтті.Семинар "Ізденіс" шығармашылық топ мүшелерінің зерттеу тақырыптары аясында атқарылып жатқан жұмыстарының негізінде мектеп директоры А.Т
Джангарашеваның алғы сөзімен басталып халықаралық зерттеулер туралы презентациялық таныстырылым жасады. Келесі кезекте, ДҒӘЖО С.К.Джумабаева "TALIS" халықаралық зерттеулерінің білім сапасын арттырудағы рөлі тақырыбында, ДОІЖО Н.А.Буенбаева "PIZA" халықаралық зерттеулер тапсырмаларын сабақта қолдану нәтижелері, ДОІЖО Б.М.Досмамбетова ""PIRLS" халықаралық зерттеулері тапсырмаларын қолдану " тақырыптарында презентациялық таныстырылым жасап, тақырыптары бойынша толық мәліметтер берді . Әрі қарай семинардың практикалық бөлімінде "Ізденіс" шығармашылық топ жетекшісі Ш.Т.Абаева мұғалімдерді алты топқа бөліп, коучинг өткізді. Коучингте алты топқа алты тақырыпта тапсырмалар беріліп, әр топ әр түрлі әдістер арқылы қорғады Атап айтсақ, орыс тілі, қазақ тілі және ағылшын тілі пән мұғалімдері "Оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту", бастауыш пән мұғалімдері "PIRLS" халықаралық зерттеулері бойынша, математика пән мұғалімдері "Оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту " тақырыбында, информатика пәні мұғалімдері "Жасанды интеллект қолдану тиімділігі", "TALIS" халықаралық зерттеулеріне қатысқан түрлі пәндер мұғалімдерінен құралған топ ""TALIS" халықаралық зерттеулері" бойынша, жаратылыстану пән бірлестігі ""PIZA" халықаралық зерттеулері тапсырмаларын қолдану" тақырыптарында түрлі тапсырмалар орындап, қол жеткізген нәтижелерімен, кездескен кедергілер мен оларды шешу жолдарымен бөлісті. Семинарда тақырыптар жан-жақты талқыланып, ұстаздар өздеріне қажетті көптеген мағлұматтар алды.