02
ноябрь
2023
"Үздіктен үйрен жобасы саралау тәсілін тиімді қолдану “ тақырыбында шебер сынып өткізілді
Бүгін 02.11 күні мектебімізде күздік демалысты пайдалана отырып "Үздіктен үйрен жобасы аясында фиэика пәні мұғалімі, педагог-шебер ұстаз Абаева Шамша Төлегенқызы "Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда халықаралық зерттеулер тапсырмаларын сабаққа қолдану маңызы. Саралау тәсілін тиімді қолдану “ тақырыбында шебер сынып өткізді. Жағымды ахуал орнату мақсатында "Менің қалпағым “ атты тренинг өткізіліп, қатысушы әріптестерді QR -мен төрт топқа бөліп алды. “ Білім дегеніміз мектепте оқытқанның барлығын ұмытқаннан кейін қалатын нәрсе” деген А. Эйнштейн сөзімен төрт топқа оқу, математикалық, жаратылыстану, қаржылық сауаттылыққа арналған тапсырмалар беріп, әріптестердің сол бойынша айтқан уәжі, ойлары тыңдалып шешу жолдары ұсынылып ,саралау тапсырмаларын құрастырып,тұжырымдады. “Бала, ат, көртышқан” туралы бейнебаян көрсетіліп төрт топқа түрлі тапсырмалар ұсынылды. Бұл тапсырмалар әріптестердің қызу талқысынан кейін ортаға салынды. Әр түрлі пән иесі болсада мұғалімдер өздерінің функционалды сауатты екенін дәлелдеп шықты. Шебер- сынып тартымды, қызықты, өздеріне көп әдіс- тәсіл алғандарын әріптестер жарыса “кері байланыста” жазып көрсетті. Бұл шебер сыныптың түйінді идеясы мұғалімдердің нәтижелі іс әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылықтарын арттыру және алған білімдерін өмірде қолдана алуына бағыттау болды.