26
октябрь
2022
«Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында мектепішілік семинар
26 қазан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында мектепішілік семинар өтті. Семинардың мақсаты: қазақ тілі мен әдебиеті сабағында пән мұғалімдерінің функционалдық сауаттылықты дамытудағы өзара тәжірибелерімен алмасу. Оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және ой жүгіртіп білуі, оқу жылдамдығы мен мәтінді дәлме дәл түсіну бағаланбайтыны, мәтінге арналған рефлексия мен ұғым өмірлік мақсаттарды жүзеге асыруға арналған оқығанын пайдалану бағаланатыны туралы өзіндік іс тәжірибелерімен бөлісті
Бағдарламаға сәйкес, И.К.Иембергенова «Сиқырлы сағат» психологиялық тренингін жүргізді. Тренинг барысында семинарға қатысушы ұстаздар берілген нұсқауды орындап, бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлады. А.Қ.Рысбекова «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында білім алушылардың функцияналдық сауаттылығын дамыту» ақпараттық презентациясымен таныстырды. Пән мұғалімдері Г.С.Кулмахамбетова «Оқушылардың жазу сауаттылығын қалыптастыру жолдары», А.Т.Саткынова «Қазақ тілі сабағында оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту», Н.Н.Куанышбекова «Критериалды бағалаудың ерекшеліктері мен қиындықтары» шеберлік сыныптарын өткізіп, өзара тәжірибесімен бөлісті. Семинар соңында қатысушы ұстаздар кері байланыс беріп, семинар қорытындыланды. Директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары С.К.Джумабаева :-Мұғалімнің кәсіби құзыреттілгі -нәтижелі білім берудің негізі, оның жан жақты білімімен ғана емес, ұстаздық шеберлікті үнемі жетілдіруімен өлшенеді, мектеп жағдайында функционалдық сауаттылықты арттырудың тиімді жолдарын көрсете білді, мақсатына сай, мазмұнды болды, -деп бағалап, пән мұғалімдеріне шығармашылық табыс тіледі.