«Қазақстан халқы Тілдері күні» мерекесі » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақстан халқы Тілдері күні» мерекесі
09
сентябрь
2022

«Қазақстан халқы Тілдері күні» мерекесі

Шу қаласы, Төле би атындағы орта мектебінде «Қазақстан халқы Тілдері күні» мерекесіне орай  жоспарғы сәйкес төмендегі іс-шаралар ұйымдастырылды. Апталық «А.Байтұрсынұлы және Мәңгілік ел – Мәңгілік тіл» тақырыбында өткізілді. Кітапхана меңгерушісі А.А.Ахшабаева «Тіл – халық мұрасы» кітап көрмесін ұйымдастырды. 5-7 сынып жетекшілері «А.Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің атасы», «Латын әліпбиінің негізін қалаушы» т.б тақырыптарында тәрбие сағаттарын өткізді. Ағылшын пәні мұғалімі А.Бахтыбекова ауызекі сөйлеу, есте сақтау, тілдік біліктіліктерін, қабілеттерін дамыту, тіл үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Zhuzden zhuirik» атты сыныптан тыс интеллектуалды ойынын өткізді. Г.Мазова «А.Байтұрсынұлы және мәңгілік ел мұраты» тақырыбында мектепішілік шығарма жазу байқауын өткізді. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Р.С.Қарабекова мен А.А.Акынова 9-10 сынып оқушылары арасында  «Язык – основа дружбы» тақырыбында эссе байқауын ұйымдастырды.  Сонымен қатар, мектебіміздің «Алаш» дебат фракциясы ҚР Тілдері күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Үш тілде білім берудің қажеттілігі» тақырыбындағы аудандық пікірсайысқа қатысып, жүлделі ІІ орын иеленді.