"Ахмет Байтұрсынұлының мысал өлеңдеріне сахналық қойылым" атты сыныптан тыс іс-шара » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ахмет Байтұрсынұлының мысал өлеңдеріне сахналық қойылым" атты сыныптан тыс іс-шара
26
октябрь
2022

"Ахмет Байтұрсынұлының мысал өлеңдеріне сахналық қойылым" атты сыныптан тыс іс-шара

Төле би орта мектебінде 21 қазан күні қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері айлығы барысында "Сахна саңлақтары" үйірме жетекшісі Абаева Ж.Ж. мен қазақ тілі пәні мұғалімі М.К.Жұматайдың ұйымдастыруымен "Ахмет Байтұрсынұлының мысал өлеңдеріне сахналық қойылым" атты сыныптан тыс іс-шара өтті.
Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жылдығына орай  ақынның өмірбаяны мен шығармаларымен тереңінен танысуға шақыру, оқушыларды сахна мәдениетіне баулу. 
6,7 сыныптың жас Ахметтанушылары өздері дайындаған мысал өлеңдерінен сахналық қойылымдарды көрсетіп, әуезді ән мен күмбірлеген күй қойылымдардың сәнін ашты. Үйірме қатысушылары ақынның шығармаларын мәнерлеп оқыды. 
Қазылар алқасының шешімімен қойылымды нақышына келтіре сомдаған сыныптарға жүлделі орындар берілді.