"Ынтымақтасқан кәсіби құзіреттілік- нәтижеге бағытталған білім негізі " тақырыбында аудандық семинар » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Ынтымақтасқан кәсіби құзіреттілік- нәтижеге бағытталған білім негізі " тақырыбында аудандық семинар
21
апрель
2021

"Ынтымақтасқан кәсіби құзіреттілік- нәтижеге бағытталған білім негізі " тақырыбында аудандық семинар

21. 04.2021ж. Шу қаласы, Төле би атындағы орта мектебінде білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ұстаздардың бәсекеге қабілетті білім берудегі құзіреттілігін қалыптастыру, білім сапасын арттырудағы тиімді оқытудың әдіс- тәсілдерін қолдану бағытында әдістемелік қолдау көрсету мақсатында  "Ынтымақтасқан кәсіби құзіреттілік- нәтижеге бағытталған білім негізі " тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинарға "Көкжиек" жетекші мектеп қауымдастығы қоғамтастықтағы серіктес мектептер: М.Әуезов атындағы о.м.,Абай атындағы о.м.,Мойынқұм о.м., Қ.Сатпаев атындағы о.м  және Жиенбет мектебі ұстаздары, барлығы 25 мұғалім қатысты.Семинар бағдарламасында төмендегідей міндеттер жоспарланып, мектебіміздің тренер,шебер педагогтары өз тәжірибесімен ұштастырып, шебер сыныптар өткізді.
1.Білім беру мазмұнын жаңарту аясында серіктес мектептермен ынтымақтастық қарым қатынас орнату.
2.Оқытуда үш тілді білім беруді қолдануды енгізу,  пәндік тілдік интеграциялық оқыту
3.Мұғалімдердің іс тәжірибесінде "Іс әрекеттегі зерттеуді" қолдануды дамыту
4.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалаудағы өзекті мәселелер қаралды.
Семинар барысында қоғамдастық аясында озық тәжірибелер таратылып, ұстаздардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру бағытында жетекші мектеп пен серіктес мектептердің рөлі, келешектегі жұмыс бағыттары айқындалды.