"PISA халықаралық зерттеу тапсырмаларын сабақта қолданудың тиімді жолдары" тақырыбында семинар-тренинг » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "PISA халықаралық зерттеу тапсырмаларын сабақта қолданудың тиімді жолдары" тақырыбында семинар-тренинг
23
февраль
2022

"PISA халықаралық зерттеу тапсырмаларын сабақта қолданудың тиімді жолдары" тақырыбында семинар-тренинг

Қазақстанның PISA халықаралық зерттеуіне қатысты біздің оқушыларымыздың дайындық деңгейлерін әлемнің басқа да елдерінің оқушыларының дайындық деңгейімен салыстыруға, білім беру сапасын бағалауда соңғы әлемдік жетістіктерге сәйкес келетін зерттеулердің нәтижелерін сараптау мен оқу жетістіктерін бағалауға мүмкіндік береді.   23-ақпан 2022жылы математика, физика және информатика пәндерінің айлығы барысында "PISA халықаралық зерттеу тапсырмаларын сабақта қолданудың тиімді жолдары" тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Мақсаты: PISA бағдарламасын орындауда сын тұрғысынан ойлауды іс-тәжірибесіне енгізуге ықпал жасау. Семинарды информатика пәнінің мұғалімі Л. Елетаева  The hat әдісімен  топқа бөлумен бастады. Математика пәнінің мұғалімі С.Кыздарбекова семинарға қатысушылармен "Көңіл-күй сыйлау түрлері" тренингін жүргізіп, жағымды көңіл-күй сыйлады. Математика пәнінің мұғалімі педагог-зерттеуші Г. Құрманбекова "PISA зерттеуі бойынша математикалық сауаттылық тапсырмаларын шешу" тақырыбында тәжірибесімен бөлісті. Математика пәнінің мұғалімі Д. Набатова "Программа для создания своих учебных ресурсов" тақырыбында тәжірибесімен бөлісіп, жаңа әдіс-тәсілдер көрсетті. Семинар соңында жас мамандар физика пәнінің мұғалімі Г. Нағиева, тарих пәнінің мұғалімі М. Нұрсұлтан, биология пәнінің мұғалімі А. Досмамбетова семинардан  жаңа ақпарат алғандарын және әсерлерімен бөлісті.