Мектепішілік әдістемелік кеңес » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
март
2021

Мектепішілік әдістемелік кеңес

Наурыздың 31 күні Шу қаласы, Төле би атындағы орта мектебінде мектепішілік әдістемелік кеңес өтті. Кеңес барысында бірлестік жетекшілері пән айлықтарының қорытындысына талдау жасады. "Ізденіс" шығармашылық тобының жетекшісі Умирбекова Г.А мектептегі  кіші шығармашылық топтардың оқыту тәжірибесіндегі жаңашылдыққа ұмтылысы мен оқытудың тиімді әдістерді іріктеудегі  іс әректтегі зерттеу жұмыстарын жетілдіру, шығармашылық жұмыстардың барысы туралы таныстырылым жасады. Мектебіміздегі көшбасшы, озат тәжірбиелі мұғалім Құрманбекова Гүлбану Жұмабекқызы "Мұғалім өз тәжірибесінде іс-әректтегі зерттеуді қалай дұрыс жүргізу керек?" тақырыбында шеберлік сынып өткізіп, өзінің тәжірибесімен бөлісіп, Іс-әрекеттегі зерттеуде тәжірибені жетілдірудің тиімді жолдарын көрсетті.