Білім күні
Төле би атындағы орта мектебінде 1 қыркүйек – Білім күніне орай «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға Шу қаласының әкімі Нұралиев Елдос Бекболатұлы, Шу қаласының құрметті азаматы Тұрғынбаев Бақытжан Мұхамеджанұлы, «Үркер» мектебінің директоры Қозыкөрпешова Жумакуль Каракуловна, ардагер ұстаздарымыз бен ата аналар қатысты. Мектеп директоры мен Шу қаласы әкімі Елдос Бекболатұлы мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндерге ізгі тілектерін білдірді.