Мектеп оқушыларының өмірінде 5-сынып бейімделу кезеңі » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Мектеп оқушыларының өмірінде 5-сынып бейімделу кезеңі
22
сентябрь
2021

Мектеп оқушыларының өмірінде 5-сынып бейімделу кезеңі

Мектеп оқушыларының өмірінде 5-сынып бейімделу кезеңі өте өзекті. Оқушы үлкен өмірге өтіп, балалықпен қоштасады.Орта мектепте оқыту түбегейлі өзгеріске ұшырайды: балалар негізгі мұғалімнен сынып жетекші немесе таныс емес пән мұғалімдері жүйесіне, жиі кабинеттік жүйеге, жаңа пәндерге, қосымша жүктемелерге ауысады. Алайда барлығына үйрену керек! Осының барлығы оқушыдан өзін-өзі басқаруды, көңіл бөлуді талап етеді. 5-сынып оқушыларына психологиялық қолдауды талап етеді, себебі ол балалық пен жасөспірім кезеңінің қажетті көпірі.
 Осындай мақсатта Шу қаласы, Төле би атындағы орта мектебінің педагог—психологы  Алагузова Гаухар 5-сынып оқушыларынан   тест алып, сауалнама жүргізді.