22
September
2021
Мектеп оқушыларының өмірінде 5-сынып бейімделу кезеңі
Мектеп оқушыларының өмірінде 5-сынып бейімделу кезеңі өте өзекті. Оқушы үлкен өмірге өтіп, балалықпен қоштасады.Орта мектепте оқыту түбегейлі өзгеріске ұшырайды: балалар негізгі мұғалімнен сынып жетекші немесе таныс емес пән мұғалімдері жүйесіне, жиі кабинеттік жүйеге, жаңа пәндерге, қосымша жүктемелерге ауысады. Алайда барлығына үйрену керек! Осының барлығы оқушыдан өзін-өзі басқаруды, көңіл бөлуді талап етеді. 5-сынып оқушыларына психологиялық қолдауды талап етеді, себебі ол балалық пен жасөспірім кезеңінің қажетті көпірі.
Осындай мақсатта Шу қаласы, Төле би атындағы орта мектебінің педагог—психологы Алагузова Гаухар 5-сынып оқушыларынан тест алып, сауалнама жүргізді.


Осындай мақсатта Шу қаласы, Төле би атындағы орта мектебінің педагог—психологы Алагузова Гаухар 5-сынып оқушыларынан тест алып, сауалнама жүргізді.


