10
November
2025
Сейсмикалық оқу-жаттығуы өтті!
Бүгін мектебімізде төтенше жағдайлар кезінде (өрт, жер сілкінісі және басқа да жағдайлар) оқушылар мен мұғалімдердің іс-әрекеттерін пысықтау мақсатында сейсмикалық оқу-жаттығуы өткізілді.
Жаттығу барысында оқушылар дабыл сигналы бойынша ғимараттан қауіпсіз әрі тәртіппен эвакуацияланып, жиналу нүктесіне шықты.
Мақсат — төтенше жағдай туындаған кезде барша қатысушылардың дұрыс әрі шұғыл әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
Осындай оқу-жаттығулар қауіпсіздік мәдениетін нығайтып, әрбір оқушы мен қызметкердің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
<iframe src="https://www.facebook.com/plugins/video.php?height=314&href=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2F100006747017786%2Fvideos%2F1306197137975271%2F&show_text=true&width=560&t=0" width="560" height="429" style="border:none;overflow:hidden" scrolling="no" frameborder="0" allowfullscreen="true" allow="autoplay; clipboard-write; encrypted-media; picture-in-picture; web-share" allowFullScreen="true"></iframe>