02
September
2025
" МЕНІҢ ОТАНЫМ– ҚАЗАҚСТАН"
Төле би орта мектебінде 2 -қыркүйек күні "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті.
Мақсаты:
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Білімге деген құндылықты қалыптастыруға, өз Отаны үшін қажет және пайдалы болуға деген ұмтылысты арттыруға бағытталған сабақтарда оқушылар Отан, Туған жер туралы өлеңдерін оқып, видеороликтер тамашалады және тақырып бойынша өз ойларын ортаға салды. «Отанға деген құрмет отбасынан бастау алады» тақырыбында ой бөлісті. Сынып сағаты қауіпсіздік сабағымен аяқталды.
https://www.facebook.com/share/p/1CqEH55iR3/