27
August
2025
«Білім беру ұйымының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары»
2025 жыл 27 тамыз күні Шу қаласы "Төле би атындағы орта мектебінде «Білім беру ұйымының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» атты педагогикалық кеңес өтті. Кеңеске мектеп ұжымы және " Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының Zhambyl region бойынша кәсіби даму институты филиалының тренері Көшербаева Жұлдыз Сұлтанқызы қатысты.
Мектеп директоры Джангарашева Ардак Толепбаевна бүгінгі педагогикалық кеңестің мақсаты мен маңыздылығын атап өтті
КҮН ТӘРТІБІ
1 Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары туралы.ДҒӘІЖО С.Қ.Джумабаева
2. Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы ДОТІЖО Н.А.Буенбаева
3. Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы.ДТІЖО А.Ж.Имашеваның баяндауы тыңдалды.
2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтарын айқындау, білім сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық бағыттарды белгілеу, педагогтерді кәсіби шеберлігін жетілдіру мен инновациялық әдіс-тәсілдерді сондвй ақ ЖИ -ні оқу-тәрбие процесіне тиімді енгізу жолдарын талқылау, биылғы оқу жылының негізгі міндеттерін айқындап, білім алушылардың сапалы білім алуы және жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау, 2025–2026 оқу жылындағы, білім сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық бағыттарды белгілеу, педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру мен инновациялық әдіс-тәсілдерді оқу-тәрбие процесіне тиімді енгізу жолдарын талқылау жүзеге асты. Сонымен қатар, оқу жылының мақсат, міндеттері белгіленіп негізгі бағыттары айқындалды.Мектеп басшылығының стратегиялық көзқарасы, мұғалімдердің кәсіби өсуге деген қызығушылығы және инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудағы белсенділігі – бұл білім ордасының болашағының жарқын көрінісі деп,-Жұлдыз Сұлтанқызы өзінің ізгі тілегін білдірді.

