10
January
2025
“Таза Қазақстан – біздің ортақ міндетіміз!”
Бүгін мектебімізде “Экология және денсаулық” үйірмесінің жетекшісі Досмамбетова Әйгерім Мукажанқызы және үйірме қатысушылары “AQ JOL” Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газетінен оқушылар “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы туралы ақпаратпен танысты.Танысу барысында елімізде жүзеге асырылып жатқан экологиялық бастамалар, табиғатты қорғаудың маңызы және болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны таза ұстаудың қажеттілігі туралы мәлімет берілді.
Оқушылар экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын түсініп, табиғатты қорғау бойынша өз ұсыныстарын да білдірді. Әсіресе, ағаш отырғызу, қалдықтарды қайта өңдеу және таза экожүйені сақтау мәселелерін талқылады.
Біз жастардың табиғатқа деген қамқорлық сезімін арттырып, экологиялық білімін нығайтуға ерекше көңіл бөлеміз. Болашақта осындай жобаларға белсене қатысуға дайынбыз!