4 маусым- ҚР Мемлекеттік Рəміздер Күні » Төле би secondary school
Zhambyl region
Municipal public institution
"Төле би secondary school "
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » 4 маусым- ҚР Мемлекеттік Рəміздер Күні
05
June
2020

4 маусым- ҚР Мемлекеттік Рəміздер Күні

4 маусым- ҚР Мемлекеттік Рəміздер Күні
4 маусым- ҚР Мемлекеттік Рəміздер Күні

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рəміздері туралы" Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды.
Осы Заңға сəйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рəміздер күні ретінде мерекеленеді.
1992 жылғы маусымның 4-де тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді - бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады. Көгілдір түсті туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан елтаңбамыз бүкіл әлемге Қазақстан Республикасы аталатын жаңа тәуелсіз Мемлекет бейнесін паш етті. 1992 жылы суретші Шәкен Ниязбеков салған Мемлекеттік ту бекітілді. Егемен Қазақстанның бүгінгі Елтаңбасы екі танымал сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың қыруар еңбегінің жемісі болып табылады. 1992 жылы республикамыз әнұранның әні мен мәтініне конкурс жарияланды. Тұңғыш Қазақстан әнұран әнінің авторлары - Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамиди. 2006 жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды. Бақытты тағдыры өткен ғасырдың елуінші жылдарының екінші жартысынан басталған халық арасында кең танымал патриоттық ән «Менің Қазақстаным» жаңа Әнұран негізіне айналды. Қазақстан Республикасы жаңа Мемлекеттік әнұранның авторлары - Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекеттік рәміздер күні - Қазақстандағы мүлде жаңа мейрам, әйтсе де оны қазақстандықтар асқан патриоттық сезіммен мерекелейді.
Осы мерекеге орай Төле би атындағы орта мектебінде қашықтан түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілуде.
Our address
Шу қаласы, С.Сейфуллин the outside 2А, байланыс тел.(872643)22559

Important resources
©2016-2020, Ресми сайт Municipal public institution "Төле би secondary school " КММ
All rights reserved Project "Interactive School". Technical support "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru