18
April
2018
UNT туралы
UNT кезінде мектеп бітірушіге:
Сұрақ-кітапшалары таратылғаннан кейін, олардағы беттердің санын түгендеуі және баспаханалық ақаулардың болмауын тексеруі тиіс; Осындай ақаулар кездескен жағдайда кезекшіге немесе Министрлік өкіліне хабарлау керек;
Мұқият болу керек! Тестілеу басталарда емтихан материалдарымен қалай жұмыс істеу керектігі жөнінде қажетті мағлұматты хабарлайды;
Тестілеу кезінде тәртіп сақтау ережесін сақтауы тиіс! Егер Сіз аудиториядағы UNT-ны ұйымдастырушыға сұрақ қойғыңыз келсе, қолыңызды көтеріңіз, орныңыздан айқайлап сұрамаңыз.Аудиториядағы тыныштық пен тәртіптің сақталуы емтихан материалдардының мазмұнын жақсырақ түсінуге көмектеседі;
Ойын жинақтауы тиіс! Бланктің қызметтік секторларын толтырып, өзіңізге түсініксіз жағдайларды анықтап болғаннан кейін, айналадағылар туралы ұмытып, ойыңызды жинақтауға тырысыңыз. Сіз үшін тапсырма мазмұны мен тестті орындауға жұмсалатын шектеулі уақыт қана маңызды болуы тиіс;
Қорықпау керек! Уақыттың қатаң шектеулері сіздің жауаптарыңыздың сапасына әсер етпеуі керек! Жауаптарыңызды енгізбес бұрын, сізден не талап етілетіндігін дұрыс түсінгеніңізге көз жеткізіңіз;
Тапсырманы соңына дейін оқып шығу керек! Асығыстық сіздің тапсырма шартын алғашқы сөздерінен-ақ түсінуге тырысуыңызға және соңын өз қиялыңыз бойынша аяқтауға әкеліп соқпауы тиіс;
Тексеруі тиіс! Өз жұмысыңызды тексеру үшін, тым болмаса, жауаптарыңызға тез көз жүгіртіп шығып, көрінген қателеріңізді байқауға міндетті түрде уақыт қалдырыңыз.
Назарыңызда болсын! Сіздің тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда нақтылы тапсырма бойынша апелляцияға өтініш беруге құқыңыз бар.
1. Тестілеуге өтініш беру
Ұлттық бірыңғай тестілеуге (UNT) қатысуғаөтініштімектеп бітіруші10 наурыздан 25 сәуіргедейін береді.
Өтінішті өзі білім алып жатқан білім беру мекемесіндетолтырады.
Өтініш беру үшін қажетті құжаттар:
жеке басын куәландыратын құжат;
2 фотосурет (3х4 өлшемді)
Өтініш деректер базасына енгізілгеннен кейін мектеп бітірушіге:
мектеп бітірушінің тіркелгендігі жөнінде анықтама;
тестілеуге кіруге рұқсаттама беріледі.
Оқу орны өтініш қабылдаудан бас тартқан жағдайда Сізге UNT өткізу пунктіне (UNTӨП) барып беруге болады.
2. UNT-ны өткізу тәртібі
UNT бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі және қабылдаудың типтік ережелеріне сәйкес таңдаған мамандыққа байланысты таңдау пәні бойынша пәндердің біреуіне сәйкес өткізіледі.
UNT нысанында тапсырылатын мектеп бітірушінің таңдау пәндері: география, физика, биология, химия, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті (орыс әдебиеті), шет тілі.
Шығармашылық немесе арнайы дайындықты қажет ететін мамандықтарды таңдаған бітірушілер үшін төртінші пәнді таңдау ерікті.
UNT жалпы білім беретін пәндердің бағдарламасы негізінде әзірленген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен шығуы мүмкін емес.
UNT-ны өткізу кезінде пайдаланылатын тест мазмұнының және дұрыс жауаптар кодын айқындайтын мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылады.
Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 25.
UNT-ның нәтижелері 125 балдық жүйе бойынша және жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін бес балдық жүйе бойынша бағамен бағаланады.
3. Тестілеудің мерзімі мен ұзақтығы
Тестілеу UNTӨП-те 1 маусымнан 15 маусымға дейін жүргізіледі.
UNT-ныңбасталу уақыты – сағат 09.00.
UNT-ға бөлінетін уақыт – 3,5 астрономиялық сағат.
Алғашқы және соңғы сағаттарда аудиториядан шығуға тыйым салынады. Қалған уақыттарда аудиториядан дәліз кезекшісімен бірге ғана шығуға болады.
4. Апелляция
Тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтініштібітіруші тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 14-ке дейін бере алады және апелляциялық комиссия өтінішті бір тәулік мерзімінде қарайды.
Өтініш берушіде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат және UNT-ға кіруге рұқсаттамасы болуы керек.
Апелляция тест тапсырмаларының мазмұны бойынша мынадай жағдайларда беріледі:
тест тапсырмасы дұрыс құрылмаған;
дұрыс жауабы жоқ;
бірнеше дұрыс жауабы бар.
Техникалық себептер бойынша апелляция мынадай жағдайларда қарастырылады:
дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер 2 дөңгелекше ретінде оқыған;
дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер оқымаған.
Өтініш беру барысында тестілеу нәтижесімен келіспеуінің себебін көрсету керек.