13
April
2023
«Егіздер» фестивалі өтті.
Бүгін бізде ерекше мереке.
Төле би орта мектебінде ерекше жандар - егіздер туралы көптеп мәлімет беру, олардың өмір сүру дағдыларын, ерекшеліктерін көрсету, егіздердің ата-аналары туралы мағлұмат беру мақсатында «Егіздер» фестивалі өтті. Мектебімізде жалпы 8 жұп егіз бар, олардың әрқайсысы өздерінің дарынымен, білімімен, өнерімен ерекшеленеді. Фестивальге Келгенбай Алмат пен Алмагүл, Ултаракова Адиля мен Наиля, Әбіш Темірлан мен Томирис, Бекжан Бейбарыс пен Нұрбарыс, Баядилова Зухра мен Фатима қатысып, өздерін таныстыру, өнерлерін көрсету, сән үлгісі сынды бөлімдері бойынша өнерлерін көрерменге паш етті. Әрқайсысы өз ерекшеліктеріне қарай түрлі номинациялармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


