01
November
2023
"Жарқын болашақ иесі- бүгінгі жас маман" тақырыбында коучинг өткізілді
2023.11.01 күні мектебімізде жас мамандардың кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл күйін көтеру, жас мамандардың өзіндік ашылуына, өз әріптестеріне өздерін көрсете білуіне, педагогикалық ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне, бейімделуіне ықпал жасау, қолдау көрсету мақсатында мектеп басшысы Ардақ Толепбайқызы "Жарқын болашақ иесі- бүгінгі жас маман" тақырыбында коучинг өткізді.Алдымен барлық жас мамандар дөңгелене тұрып, себеттегі гүлді алып, бүгінгі іс -шарадан не күтетіінін, игі тілектерін білдіріп, жағымды ахуал орнап, қолдарындағы гүлдер арқылы топтарға бөлінді.Келесі кезекте "Жабайы қаздардың өзара топтық ынтымақтастық жайлы бес сабағы" (Милтон Ольсон бойынша) видеосы көрсетіліп, әр топ жабайы қаздардың ұшу кезіндегі
топтық ынтымақтастығы мен бірлесе әрекет ету кезіндегі қызықты деректер көріп, топтық жұмыс арқылы олардан алатын төмендегі бес сабақ арқылы топтық ұстанымдарды айқындады
1.Бірге болу
2.Қатарды сақтау
3.Орын алмасу
4.Қолдау көрсету
5.Жалғыз қалдырмау
Әр топ постер қорғап, "Ой толқымаса сөз шықпайды" дегендей бүгінгі коучингтің берері мол болғандығының дәлелі өздерінің ой толғаныстарын жарыса жеткізді. Жас маман өзінің ұстаздық қабілеттерінің қалыптасуында кездескен қиындықтар мен кедергілер, олардан шығу жолдары туралы ойларына SWOD талдау арқылы даму стратегияларын айқындап , әр топ өз ойларын ортаға салды Сонымен қатар іскерлік табыс-жұмысқа арналған мотивациялық дәйексөздер келтірілген бейне суреттер көрсетілді. "Еркін микрофон" әдісі арқылы әр жас маман бүгінгі коучингтен өздерінің керемет шабыттанған әсерлерімен бөлісті. Бүгінгі өткен коучинг әр жас маманның өзіне деген сенімділігін нығайта түсті.

и ещё 11
Жсе реакции:22Жумакуль Кожаева, Гульназ Мазова и ещё 20