«Administration жауапкершілік деген не?» тақырыбында түсіндірме жұмыстары » Төле би secondary school
Zhambyl region
Municipal public institution
"Төле би secondary school "
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » «Administration жауапкершілік деген не?» тақырыбында түсіндірме жұмыстары
05
December
2023

«Administration жауапкершілік деген не?» тақырыбында түсіндірме жұмыстары

Төле би  атындағы орта мектебінде Шу АПБ-нің ЖІІҚ-нің ювеналдық бөлімшесінің инспекторы,полиция лейтенанты  «Administration жауапкершілік деген не?» тақырыбында  түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 
Мақсаты: білім алушыларға қылмыстың – қоғамға қауіпті әрекет, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, әкімшілік-қылмыстық кодекс баптары бойынша қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері, кінәні жеңілдететін, жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар туралы түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру. 
Түсіндірме жұмысы барысында бала құқығы туралы ҚР заңнамалары,әкімшілік -қылмыстық кодекс баптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мектепте белгіленген ережелерді сақтауға кеңес беріліп,қажетті сын-ескертпелер айтылды.
Administration-қылмыстық кодекс баптары бойынша 18 жасқа толмағандарға заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде болуға тыйым салынады.
Нақтырақ айтқанда:
•  Қоғамдық мекемелерінде – 22:00 – 6:00
• Тұрғынжайдан тыс жерде сағат – 23:00 – 6:00
* Тұрғынжай заңды өкілдерінің тұрғылықты жерi болып танылады
(ҚР Азаматтық кодексі 16-бап)
Ойын-сауық мекемелеріне ойын мекемелері, түнгі клубтар, дәмхана-барлар, мейрамханалар, интернет-дәмханалар, компьютер, бильярд, кинотеатрлар, ойын-сауық мақсатындағы нысандар және  спорт, мәдени-демалыс мақсатында қызметтер көрсетілетін өзге де ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар жатады. (ҚР «Administration құқық бұзушылық туралы» кодексі 422-бап)
«Administration құқық бұзушылық туралы» кодекске сәйкес, бала заңды өкілімен болуы тиіс, яғни ата-ана, асырап алушы, қорғаншы, қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-аналар, патронат тәрбиелеуші немесе олардың орнындағы басқа да адамдар.
Түнгі 22-00 ден кейін тәртіп бұзу дерегі бойынша ұсталған кезде кәмелетке толмаған бала полиция бөлімшесіне жеткізіліп, жеке басы анықталады және ата-анасына хабар беріледі. Бұл ретте, бала ойын-сауық мекемесінде ұсталған болса, ата-анасына бірінші рет ескерту жасалады. Бірақ тәртіп сақшыларының көзіне қайтадан түссе  ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру, олардың құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөнiндегi, сондай-ақ оларға күтім жасау және күтіп-бағу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы бойынша – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.



















Our address
Шу қаласы, С.Сейфуллин the outside 2А, байланыс тел.(872643)22559

Important resources
©2016-2020, Ресми сайт Municipal public institution "Төле би secondary school " КММ
All rights reserved Project "Interactive School". Technical support "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru