«Дарынды шәкірт – шығармашыл ұстаздан» тақырыбында аудандық семинар » Төле би secondary school
Zhambyl region
Municipal public institution
"Төле би secondary school "
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » » «Дарынды шәкірт – шығармашыл ұстаздан» тақырыбында аудандық семинар
19
March
2025

«Дарынды шәкірт – шығармашыл ұстаздан» тақырыбында аудандық семинар

Бүгін 19 наурыз күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің  «Дарынды шәкірт – шығармашыл ұстаздан» аудандық семинары өтті. Семинардың мақсаты:  Дарынды балалармен жұмыста ұстаздардың бәсекеге қабілетті құзыреттілігін қалыптастыру, оқушы шығармашылығын дамыту бойынша әдістемелік тәжірибе алмасу. 
     Семинар мектеп директоры Ардақ Толепбаевнаның алғы сөзімен бастау алды. Директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Джумабаева С.К. дарынды оқушылармен жұмыс құрылымы мен барысы бойынша таныстырылым жасады. Мектептің педагог-психологтары Алагузова Г., Қонысбай Ш. «Жақсы көңіл кhouse– жан шуағы» тақырыбында тренинг жүргізді.
     Семинардың тәжірибелік бөлімінде шебер сыныптар мен ашық сабақ өткізілді. Кулмахамбетова Г.С: «Тақырып таңдаудан сәтті қорғауға дейін» қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқушыларды ғылыми жоба жұмысына баулу жұмысын көрсетті. /              Мазова Г.М «Н.Айтұлы «Бәйтерек» поэмасы» тақырыбында ашық сабақ өтті.  Куанышбекова Н.Н «Сабақта оқушы шығармашылығын дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында  шебер сынып көрсетті.                                         
      Иембергенова И.К. «Бұлақ көрсең – көзін аш» тақырыбында оқушы шығармашылығын дамыту бойынша жұмыстармен таныстырды. Жас қаламгерлер өз кітаптары туралы таныстырылым жасады. Меделбай Асфендияр ,Мұсабаева Айдана, Мырзахан Амина , Тұрсынбек Әнел, Талғатқызы Сезім , Асет Айару, Бейсенғали Айкен, Заурбек Аянат, Әліш Елдана, Нысанбек Балаусаның кітаптарының тұсауы кесілді.
      АББ-нің әдіскері Айсұлу Қуантайқызы, мектеп директоры Ардақ Толепбаевна,  Батима Мұрабайқызы, Салтанат Қонысбаевна, Нұрсұлу Адиловна, Ләззат Бұзаубайқызы, Раушан Сейткеримовна, Жұмакүл Тоқтаубаевнаға тұсау кесу рәсімін орындау құрметі берілді. Жас қаламгерлердің әжелері шашу шашып, жылы лебіздерімен бөлісті.
      Ашимбекова К.С., Саткынова А.Т. «Қызық екен...» интеллектуалды ойынын жүргізді. Ойын өте қызықты да танымды өтті. Семинар қатысушылары тарапынан жағымды кері байланыс берілді.              
      Абаева Ж.Ж. жетекшілігімен «Бұл ғасырлық емеспін» сахналық қойылымы қойылып, жас әртістеріміз талантымен тәнті етті. Күміс көмей әншіміз  Әбілмажан Қалижанның орындауында «Шындық туралы толғау», «Молдабайдың әні» ән сүйер қауымды сүйсінтпей қоймады.  
      АББ-нің әдіскері А.Байжолова семинарда өз тәжірибесімен бөліскен ұстаздарға алғыс білдіріп, алғыс хат, сертификаттар табыс етті. Мектеп директоры А.Т.Джангарашева кітап авторларын марпаттап, кітаптарын табыс етті.
      Семинар жоғары деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті. Келген ұстаздар құнды ақпараттар алып, тәжірибе жинақтап қайтқандықтарын айтып, алғыс білдірді.
https://www.facebook.com/share/p/16VDt7wNES/
Our address
Шу қаласы, С.Сейфуллин the outside 2А, байланыс тел.(872643)22559

Important resources
©2016-2020, Ресми сайт Municipal public institution "Төле би secondary school " КММ
All rights reserved Project "Interactive School". Technical support "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru