Бракераждық комиссиялардың мониторинг жұмыстарының қорытындысы » Төле би secondary school
Zhambyl region
Municipal public institution
"Төле би secondary school "
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Бракераждық комиссиялардың мониторинг жұмыстарының қорытындысы
12
January
2024

Бракераждық комиссиялардың мониторинг жұмыстарының қорытындысы

Бракераждық комиссиялардың қаңтар айында жүргізген мониторинг жұмыстарының қорытындысы
Мектеп асханасында тамақтану Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін қадағалау мақсатында бракераждық комиссия төрайымы мен мүшелері мектеп директоры А.Т.Джангарашева, ДТІЖО Т.Н.Молдақұлова, Имашева А.Ж., әлеуметтік педагог С.С.Харсанова, медбике А.Болат пен ата ана А.Е.Аймамбетова мониторинг жүргізді.  Балалардың тамақтану сапасын анықтау мақсатында бракеражды комиссиясы құрылып, жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын, білім беру ұйымдарында тамақ өнімдерін дайындау және өткізу кезінде санитариялык-гигиеналық талаптар қатаң сақталып, ай сайын АКТ толтырылып, мониторинг жүргізілуде. Мектептегі тегін және жеңілдетілген  ыстық тамақпен қамту жұмыстарын  ұйымдастыру және асханада  кезекшілік кестесі және тамақтану кестесі жасалған.
      Оқушылардың тегін және жеңілдетілген ыстық тамақпен қамтылуы барысында мектеп асханасының санитариялық жағдайын, азық түлік сапасын, күнделікті ас мәзірін нормаға сай берілуін қадағалау және күнделікті сынама алынуын мектеп медбикесі А.Болат бақылайды. 
          Бекітілген ас мәзіріне сай ыстық тағамдарды дәмді, нормаға сай  және сапалы мектеп аспазшысы А.Белокобыленко дайындайды.
        Оқушылардың тегін және жеңілдетілген ыстық тамақпен қамтылуы күнделікті есебі жүргізіледі. 
Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыруы және тексеру қорытындысы бойынша:
Мектеп асханасының санитарлық жағдайы, асхананың жалпы тазалығы, ыдыс – аяқтардың тазалығы, азық –түлік сақтайтын қоймалар, жеміс – көкөніс сақтайтын орындар, қайнату, қуыру цехтары, ыдыс – аяқ жуатын бөлмелер,азық – түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай. Шикізаттың жеткілікті қолданылуы, дайын астың оқушыларға таратуға болатыны мен сапасы туралы бракераждық журнал уақытылы толтырылған. Бекітілген ас мәзірі бар.Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымы өз деңгейінде. Тәуліктік сынама алу мен сақталу қамтамасыз етілген. Аспазшылардың сырт киімдері санитарлық –гигиеналық талапқа сай. Асханада дұрыс тамақтануға байланысты стендтер ілінген. «Бақылау асы» қойылған.
Our address
Шу қаласы, С.Сейфуллин the outside 2А, байланыс тел.(872643)22559

Important resources
©2016-2020, Ресми сайт Municipal public institution "Төле би secondary school " КММ
All rights reserved Project "Interactive School". Technical support "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru