БОС ЖӘНЕ УАҚЫТША БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС. » Төле би secondary school
Zhambyl region
Municipal public institution
"Төле би secondary school "
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » » БОС ЖӘНЕ УАҚЫТША БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС.
24
февраль
2025

БОС ЖӘНЕ УАҚЫТША БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ШУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ “ТӨЛЕ БИ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
БОС ЖӘНЕ УАҚЫТША БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ. 
ХАБАРЛАНДЫРУ! 
Бос лауазымдардағы педагогтің орнына қатысатын үміткерлерге! "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату  қағидаларын бекіту туралы" ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес орта білім беру ұйымдарында (мектепте) педагогтерді жұмысқа қабылдау "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесі базасындағы  "Педагогті жұмысқа қабылдау" модулінде  жүзеге асырылады. 
1. «Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің  Төле би атындағы орта  мектебі» КММ.
 Мекеменің мекен-жайы: Шу қаласы, С.Сейфуллин 2А
Анықтама, байланыс номері: 2-34-95
Электрондық пошта: tolebi.09@mail.ru
2. Негізгі функционалдық міндеттері:
 Білуге міндетті:ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек Кодексін, ҚР "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау режелері мен нормаларды. 
  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
      білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
      білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
      білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
      пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;
      бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;
      журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады;
      оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
      оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;
      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
      оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;
      білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;
      инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;
      ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;
      арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
      интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;
      әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
      ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
      ата-аналарға кеңес береді;
      кәсіби құзыреттілікті арттырады;
      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
      білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
      ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
      білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
1. 1 бірлік (тұрақты ), көркем еңбек пәні мұғалімі  (орыс  сыныптарға) – 16 сағат    
4. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылдың25.02-05.03аралығында,сағат 9.00-18.00,  үзіліс 13.00-14.00. Конкурс өтетін күні: 11.03.2025 жыл.  Сағат :  15.00
5. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2012жылғы 21 ақпандағы    № 57 бұйрығының» 3-тарау,  153 тармағына сәйкес жүргізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
      4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
      7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
      😎 наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
      11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады;
      12) осы Қағидаларға 17, 18-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
      13) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Конкурстық құжаттар Шу қаласы, С.Сейфуллин к., 2А «Төле би атындағы орта мектебі» КММ  қабылдау бөлімінде қабылданады











Жсе реакции:11
Our address
Шу қаласы, С.Сейфуллин the outside 2А, байланыс тел.(872643)22559

Important resources
©2016-2020, Ресми сайт Municipal public institution "Төле би secondary school " КММ
All rights reserved Project "Interactive School". Technical support "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru