Қазақ тілі бірлестігі "Тіл-татулық тірегі » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақ тілі бірлестігі "Тіл-татулық тірегі
07
сентябрь
2019

Қазақ тілі бірлестігі "Тіл-татулық тірегі

Тақырыбы: Тіл – татулық тірегі
Мақсаты: мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру. Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт - дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: тіл туралы ұлылар ойлары, баспасөз материалдары, слайдтар
Түрі: дөңгелек үстел
Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығын ең негізгі ұйытқы болған - оның ғажайып тілі. (Н. Назарбаев)
Ұлттық руханиятымыздың өзегі - тіл. (Әбіш Кекілбаев)
Қазақ тілі - қазақтың маңдайындағы жалғыз жарық жұлдызы. (Асылы Осман)
Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін Ұлы (Ш. Айтматов)

Дөңгелек үстелдің барысы:
Кіріспе сөз:
Құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған қонақтар, тіл жанашырлары! Сіздерді өткір тілді, дархан пейілді, тәуелсіздігіне 28 жыл толған қазақ елінің «Тілдер мерекесі» күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
II. Оқытушының сөзі:
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», — деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез - келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Биыл тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғанына 30 жыл уақыт болды. Осындай атаулы күнде бәріміздің де мерейіміз өсіп, қойынымыз қуанышқа толып отырғаны сөзсіз.
Тіл мерекесі аясында өткізіліп отырған "Тіл – татулық тірегі"» атты дөңгелек үстел басындағы ой бөліске қош келдіңіздер!

III. Дөңгелек үстелімізді бастамас бұрын "Тілім менің ғасырлардан аманат" тақырыбына арналған слайд - шоуға назар аударайық.


IY. Дөңгелек үстелдің мақсаты мен сұрақтарына тоқталып өту.
Бүгінгі жас ұрпақ - мемлекеттің болашағы, ертеңгі күннің азаматы. Ал, оның бақытқа жетер даңғыл жолы - туған Отанын, туған тілін сүюден басталады. Сондықтан да, бүгінгі дөңгелек үстелдің мақсаты - ұлтшыл емес, ұлттық сана - сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімді ояту.
Қазіргі заман жеке адамдардың ғана емес, тұтас ұлттардың да өткеніне үңіліп, болашағын бағдарлауға жол ашты. Ендігі жерде қазақ тілінің беделін көтеру, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда, сіз бен біздің қолымызда. Сондықтан бүгінгі дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтарға назар аударайық.

Дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтар:
1. Мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы жағдайы қандай?
Мемлекеттік тілдің дамуын тежеп тұрған не?
2. Тілдің үш тұғырлығы
3. Қазіргі жастар арасында мемлекеттік тілге деген көзқарас өзгерді ме, өзгерсе қаншалықты деп ойлайсыздар?
4. Мемлекеттік тілді дамытуға өзге ұлт өкілдерінің қосқан үлестері қандай?

Y. Әр сұрақтан кейін аудиториядағы жас мамандардың жауаптары, пікірлері
тыңдалады.

YI. Жас ұрпақты мемлекеттік тілде мәртебесін көтеруде, оқытуда қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу барысында өзге ұлт өкілдерінің арасында өтетін "Абай оқулары", «Тіл - дарын», «Мемлекеттік тіл - ұлт тірегі» атты сан - алуан сайыстар мен додаларға қатысып, республикалық, облыстық деңгейде жүлделі орындарға ие болып, мақтанышымызға айналған оқушыларымыз бар. Солардың бірі мектебіміздің түлегі Усаева Камиланың орындауындағы __________________________________әнін қазақ тіліне деген құрметі деп қабыл алыңыздар.


YII. Қорытынды сөз:
Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік. Тіл тағдыры туралы көкейді тескен көл ойлармен сусындадық. Туған тілім - тұғырым. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер - сол ана тілің. Ана тілінің бүге - шүгесіне, терең иірімдеріне бойлай білу - саналы азамат болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол - туған жерді, отанды, ата мекенді сүйе білу деген сөз. Бүгінгі дөңгелек үстелді мына өлең жолымен аяқтағым келеді.
Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,
Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.
































Қазақ тілі бірлестігі "Тіл-татулық тірегі
Қазақ тілі бірлестігі "Тіл-татулық тірегі
Қазақ тілі бірлестігі "Тіл-татулық тірегі
Қазақ тілі бірлестігі "Тіл-татулық тірегі
Қазақ тілі бірлестігі "Тіл-татулық тірегі
Қазақ тілі бірлестігі "Тіл-татулық тірегі
Қазақ тілі бірлестігі "Тіл-татулық тірегі