"Соңғы қоңырау" » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
май
2020

"Соңғы қоңырау"

Шу қаласы, Төле би атындағы орта мектебі.
Құрметті әріптестер!
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Әрине, биылғы оқу жылы бәрімізге оңай болған жоқ. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты «қашықтықтан оқыту» енгізіліп, жаңа жүйеге көшіп, уақыт талабына сай іс шаралар жүзеге асырылды. Соған қарамастан, біз оқу жылын ойдағыдай аяқтадық.
Құрметті түлектер!
Сіздер бүгін мектеппен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алғалы тұрсыңдар. Біздің мемлекет әрқашанда жас ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне ерекше назар аударып, Сіздердің сапалы білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін барынша жағдай жасап отыр. Еліміздің болашағы-Сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан да қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай, ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға тілектеспін. Алдарыңызда тұрған үлкен сыннан сүрінбей өтіп, жоғары оқу орнына түсіп, армандаған мамандық иесі болыңдар.