03
март
2021
"Жас жол инспекторлары"
Шу ауданы білім бөлімінің "Қиын бала болмайды" жобасы аясында Шу қаласы, Төле би атындағы орта мектебінде "Жас жол инспекторлары" жоспарына сай "Абайлаңыз балақай" тақырыбында 2-3 сыныптар арасында оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында білімдерін толықтыру мақсатында суретсурет байқауы ұйымдастырылды. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып кететіні салдарынан бұзылады. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайтыны туралы , жол ережесі туралы өз ойларын оқушылар сурет арқылы білдірді. "Жас жол инспекторлары" тобы оқушылардың жұмысын бағалап, орын алған оқушыларды марапаттады.