"Экстремизм мен терроризмге жол жоқ" науканы » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Экстремизм мен терроризмге жол жоқ" науканы
24
ноябрь
2022

"Экстремизм мен терроризмге жол жоқ" науканы

Төле би атындағы орта мектебінде "Экстремизм мен терроризмге жол жоқ" науканы аясында 9 сынып жетекшісі К.Джамбершиева  "Терроризм бәрімізге төнген қауіп" тақырыбында тәрбие сағатын өтті. 
Мақсаты: Оқушыларға экстремизм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру;
Жасөспірімдерге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;
Қауіпсіздікті сақтау амалдары турасында нұсқаулық беру.
      Қазіргі уақытта дінді өздерінің саяси мақсаттарында қолданатын экстремизм мен терроризм мемлекеттер мен қоғамдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке ерекше қауіп төндіруде. Дін мен оның құндылықтарын бетперде еткен жалған уағызшылар жаһандық деңгейде алауыздық пен өшпенділік туғызып, төзімсіздік пен зорлық орнатуда.
Діни экстремизмнің басты сипаты – дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты, соның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыру, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, сеніміне немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни тәжірибені қолдану.
Діни экстремизм мен терроризмнің әлеуметтік зияны мен қаупі:
– қоғам мен мемлекетке аса ауыр психологиялық және материалдық шығын әкелуі, адам өмірін қиюы;
– азаматтық өшпенділікті немесе алауыздықты тұтатуы, мемлекеттің конституциялық құрылымын өзгертуді және оның аумақтық тұтастығын бұзылуды мақсат ететін бірқатар заңсыз қарулы құрылымдардың қызмет етуі.
Діни экстремизмнің қылмыстық көріністерінің салдары бірден байқалмауы да немесе ұзақ мерзімдік зардаптар әкелуі де мүмкін.
    Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жаднама.
    Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар.
Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар.
Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте  домофонымен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есіктерінің ашық-жабықтығын тексеріңіздер.
Көліктегі жолаушының күдікті жүріс-тұрысын көріп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сіздер көлікпен жүру қауіпсіздігін сақтауға толық құқылысыздар.
Ешқашан, тіпті, өте қауіпсіз болса да, қандай да бір уақытша сақтауға немесе басқа біреуге беру үшін біреудің қолынан зат алмаңыздар.
Қолайсыз (иесіз) жерде күдік тудыратын затты тауып алу сіздің сақтығыңызды әлсіретуге тиіс емес. Қаскөй адам оны бір нәрседен, біреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкін.
Тіпті, сіздің жарылғыш құрылғыларын білетін жеке тәжірибеңіз болса да, онымен бір нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздігінен жарылғыштар өте сезімтал болып келеді.
Күдік тудыратын затқа жақындамаңыздар, тіпті қол тигізбеңіздер,  бұл — өмірлеріңізге өте қауіпті.
Егер де қауіп төндіретін төтенше жағдайдың орын алуына күдік пайда болса«110» жедел телефоны арқылы хабарласу керек.