"Мұғалім мен оқушы мәдениеті" тақырыбында 9 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізді. » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мұғалім мен оқушы мәдениеті" тақырыбында 9 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізді.
16
январь
2023

"Мұғалім мен оқушы мәдениеті" тақырыбында 9 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізді.

Төле би орта мектебінде тәрбие жоспарына сәйкес 9 сынып жетекшісі К.Джамбершиева "Мұғалім мен оқушы мәдениеті" тақырыбында 9 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізді.  Оқушылар мен ұстаздар арасындағы қарым-қатынас жасау мәселесі – психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі проблемалардың бірі болып табылады. Егер кіші мектеп жасындағы балалар үшін мұғалім барлық бейнесімен ерекше із қалдырып оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын болса, ал ересек балалар мұғалімнің әрбір қимыл-қозғалысына, іс-әрекеті мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл-кеңесіне, өзге адамдармен қарым-қатынасына, оқушыларға қоятын түрлі талаптарына өздерінше іштей сын көзбен қарайды. Қоғамда болып жатқан түрлі жайттардан мысалдар келтіре отырып, оқушылар өз көзқарастарын білдіру арқылы дөңгелек үстел пікір алмасу арқылы өткізілді.

В соответствии с планом воспитания в толебийской средней школе 9 класс руководитель К. Джамбершиева провела круглый стол с учащимися 9 класса на тему" Культура учителя и ученика". Проблема взаимоотношений учащихся и учителей является одной из самых важных и сложных в психологической науке и воспитательной деятельности. Если для детей младшего школьного возраста Учитель является личностью, которая оказывает на них сильное влияние, оставляя особый след во всем своем образе, то взрослые дети по-своему внутренне критикуют каждое движение учителя, его действия и речь, его советы, его отношения с другими людьми, различные требования, которые он предъявляет к ученикам. Круглый стол был проведен путем обмена мнениями, где учащиеся высказывали свои взгляды, приводя примеры из разных вещей, происходящих в обществе.