30
декабрь
2022
Ата аналар жиналысы
Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Қазіргі таңда кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыстың өршіп бара жатқандығы тәрбиеден кеткен кемшілік екені белгілі. Құқық бұзушылықтағы өзекті болып тұрған мәселелер: кибербуллинг, ерте жүктілік, жыныстық тиіспеушілік, суицид, зорлық-зомбылық - бұл, қоғамның бет-бейнесіне айналды.
Осындай мәселелерді қозғап, қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында Төле би орта мектебінде ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы айтылды. Әкімшілік құқық бұзушылық заңнаманың кейбір баптарына тоқталып, қарастырылған айыппұл түрлерімен ата-аналарды таныстырды.