«Төрлет, төл мереке әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік іс шара өткізілді » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Төрлет, төл мереке әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік іс шара өткізілді
17
март
2023

«Төрлет, төл мереке әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік іс шара өткізілді

17 наурыз күні Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай мектебімізде «Төрлет, төл мереке әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік іс шара өткізілді. Мереке мектеп директоры Ардақ Толепбайқызының құттықтауымен бастау алды.  Оқушылардың дайындаған әндері мен билері іс-шараның сәнін келтірді. Мектеп оқушыларынан құралған оркестр домбыра мен баянмен күй тартса, "Шашу", "Сырғалым" би топтарының бишілері әсем билерін биледі. Біз, қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұраларды насихаттап жүрген халықпыз. Сондықтан бүгінгі мерекеде "Тұсаукесер" рәсімі жасалынып, Аяла бүлдіршіннің тұсауы кесілді. Іс шара 7 сынып оқушысы Ұлан мен бастауыш сынып мұғалімі Арайлым Сабденалықызының әсем әндерімен жалғасын тапты. 
  Наурыз мерекесі – күн мен түннің теңелуін, табиғаттың жаңаруын, сондай-ақ халықтар достығын бейнелейді.