16
январь
2023
«Мемлекеттік рәміздер туралы не білеміз?» тақырыбында 7 сынып оқушыларымен викториналық сұрақтар сайысы
Төле би атындағы орта мектебінің "Сахна саңлақтары" үйірме жетекшісі Абаева Ж. мен педагог – ұйымдастырушы Бекишева Д.С. ҚР-ның Мемлекеттік Рәміздерін насихаттау бойынша жүргізілетін жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Мемлекеттік рәміздер туралы не білеміз?» тақырыбында 7 сынып оқушыларымен викториналық сұрақтар сайысын ұйымдастырып өткізді.
Мақсаты:
ҚР-ның Рәміздері туралы мағлұмат беру. Елін,
жерін, тілін, қазақ елінің Рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының рәміздері жайында берілген мағлұматтар бойынша оқушыларды қазақ
тілінде еркін сөйлеп, ойын дұрыс жеткізе
білуге, викториналық ойындар арқылы ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту. Ел тарихын тани білуге құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

