"Құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында Шу АПБ инспекторы полиция капитаны А.Пирматовпен кездесу ұйымдастырды » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында Шу АПБ инспекторы полиция капитаны А.Пирматовпен кездесу ұйымдастырды
13
январь
2023

"Құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында Шу АПБ инспекторы полиция капитаны А.Пирматовпен кездесу ұйымдастырды

Шу ауданы  білім бөлімінің "Қиын бала болмайды" жобасы аясында және  АПБ бірлескен жоспарына сәйкес Төле би    атындағы  орта мектебінде  
 жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында "Құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында Шу АПБ инспекторы  полиция капитаны А.Пирматовпен   кездесу ұйымдастырылды.9-10  сынып оқушылары қамтылып түсіндірме жұмысы жүргізілді.  
  Кездесу  барысында кәмелетке толмаған жас­өспірімдерге   кешкі мезгілде сағ 22-00 ден кейін заңды өкілдерінсіз жалғыз жүруге, топқа бірігіп ойын-сауық ұйымдастыруға рұқсат етілмейтіндігі, ондай  жағдай анықталса ата-аналарына айыппұл салынатындығы жайлы айрықша айтылды. Қазақстан Республикасында жасөспірімдер қылмыстық  жауапкершілікке 16 жастан бастап тартылады, бірақ ерекше  жағдайларда: қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, ауырлататын мән-жайларда денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, зорлау, жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері, ұрлық, тонау, қарақшылық, қорқытып алу, ауырлатылған мән-жайларда бұзақылық,  есірткі заттары мен психотроптық заттарды тарату, ұрлық және зорлық-зомбылық  үшін жасөспірімдер 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы туралы жан-жақты айтылды.Сондай-ақ, әлімжеттік жасап, бопсалап, өзінен кіші іні-қарындастарына   күш көрсетіп, төмендету құқық бұзушылықтың басты мәселесі екендігі түсіндіріліп, заң алдында жауапқа тартылатынлығы ескертілді.