"Тарих, құқық негіздері" » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тарих, құқық негіздері"
14
ноябрь
2023

"Тарих, құқық негіздері"

"Сабақ беру - үйреншікті жай ғана нәрсе емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер" 
Ж.Аймауытов.
Мектебімізде "Тарих, құқық негіздері"  пәндері бірлестігінің айлығының жоспарына сәйкес 13 қараша күні тарих пәнінің мұғалімі Асилбекова А. Т. 5 "Б" сынып оқушыларымен "Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы" тақырыбында ашық сабақ өткізді. 
 Сабақтың мақсаты: Қазақстан аумағында көшпелі мал шаруашылығының қалыптасу себебін түсіндіру. Көшпелі өмір салтының отырықшылықтан айырмашылығын анықтау; 
 Сабақ кезеңдерінің сабақтастығы, логикалық жүйелілігі сақталып, әр кезеңге уақыт тиімді бөлініп, проблемалық сұрақтар арқылы мәтінмен жұмыс тиімді жүргізілді. АКТ рнсурстарын, LearnigApps платформасын  пайдаланып тапсырмалар орындалды. Бейнефильм көрсетіліп, оқушы қызығушылықтары мен белсенділігі жоғары болды. Сабақта  оқушылармен топтық, жұптық, жеке жұмыстар оқушы белсенділіктерін артуына ықпалын тигізіп, әдіс тәсілдерді ұтымды пайдалана білді. Күтілген нәтиже оқу мақсаттарына сай болды.Сабақтан соң мектептегі  тарих пәні мұғалімдерімен сабақты өзара талдау жүргізіліп, әріптестер өз тәжірибелерін шыңдай түсті.