04
декабрь
2023
Жұмыс жоспарлау отырысы
Төле би атындағы орта мектебінде тұрақты түрде әр аптаның дүйсенбі күнінде мектеп әкімшілігінің жұмыс жоспарлау отырысы өткізіледі. Өткен аптадағы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріліп, алдағы аптада атқарылатын жұмыстар талқыланады. Kundelik.kz электронды журналы, пән айлықтарының жүргізілуі, мектеп оқушылары мен ұстаздарының байқауларға қатысуы, Lesson study зерттеу жұмыстарының жүргізілуі, сабаққа қатысу мәселесі, оқушылардың тәртібі мен қауіпсіздігі сынды өзекті мәселелер көтеріліп, талқыға түседі. Осындай жоспарланған жұмыстардың нәтижесі деп – оқушылар мен мұғалімдердің түрлі байқаулар мен жарыстардан алып келген жетістіктерін атауға болады.




