Танымдық экскурсия » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
декабрь
2025

Танымдық экскурсия

Мектебіміздің «Ғылыми жоба негіздері», «Экология және денсаулық», «Өлкетану» үйірмелерінің оқушылары үшін танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия Шу ауданында орналасқан ТОО «ТотальЭнерджиз Реньюэблз Сервисез Kazakhstan» кәсіпорнында өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды жаңартылатын энергия көздерімен, оның ішінде күн энергиясын өндіру технологиясымен таныстыру, энергияны үнемдеу мәдениетін қалыптастыру.
Экскурсия барысында кәсіпорын инженері
Жумаханов Аянбек Раисұлы
күн панельдерінің жұмыс істеу принципі, электр энергиясының өндірілу үдерісі, күн энергиясының экологияға тигізетін пайдасы туралы кең көлемде және түсінікті мәлімет берді. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар ұсынылды.
Іс-шара нәтижесінде оқушылардың: – жаңартылатын энергия көздеріне деген қызығушылығы артты;
– экологиялық білімдері кеңейді;
– энергияны үнемдеу туралы түсінігі қалыптасты.
https://www.facebook.com/photo/?fbid=4453930368175153&set=pcb.4453930578175132&__cft__[0]=AZZDfo-ksaobMhLA3BynxldQ8dO8ICCzQ0PXSmylOYQoIdYtSie0pQ0j-32VUYnS-fvUL0FrlKEQMBeW06TTzHXBA_hjaZp50tNrCdnEgq4ZQVWxWmkOpH9pnJ_2iw6RIHeSQZWP93332-c_q5IquW3krD9jRpuNMXU3HYMnVlZs_uCqiEH2NdLxzZbmw1lii_k&__tn__=*b1H-R