Ашық сабақ » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
январь
2023

Ашық сабақ

Мектебіміздің озат тәжірибелі шебер ұстазы, физика пәні мұғалімі Абаева Шамша Төлегенқызы 8б сыныбына "Электр тогы, электр тогының көздері, электр тізбегі және оның  құрамды бөліктері. Ток күші, кернеу"тақырыбында ашық сабақ берді. Ашық сабағы оқытудың заманауи амалдарының тәжірибеге, білім алушының өзіндік ізденуіне бағытталған, әр білім алушыға оқу мақсаттарына жетуге ықпал ететін сараланған тапсырмалары, күтілетін нәтижелері "біледі",  "түсінеді", "қолданады","талдайды","жинақтайды",талдайды","бағалайды" яғни алты білім саласымен анықталды.Әріптестеріне озық сабақ үлгісін көрсеткен ұстазымыз қашанда ізденімпаз. Өзіне талап қоя білетін, кәсіби деңгейі жоғары,  даралық сапасы жетілген мұғалімнің шығар тауы да биік болатынын биылғы 2022-2023 оқу жылындағы облыстық физика пәндері мұғалімдері арасында өткен шығармашылық байқауда 3орын алған жетістігінен де көруге болады.Үйретері мол, озық тәжірибелі осындай ұстазымыз мектебіміздің мақтанышы.