Су қауіпсіздігі туралы хаттамасы » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Су қауіпсіздігі туралы хаттамасы
15
июнь
2018

Су қауіпсіздігі туралы хаттамасы

Шу қаласы, Төле би атындағы орта мектебінде «Су айдындарындағы қауіпсіздік» тақырыбында өткізілген ата-аналар жиналысының
ХАТТАМАСЫ

Күні: 13.06.2018ж.
Қатысқандар:
Мектеп директоры Қадыр Т.Қ, мектеп әкімшілігі, Шу ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты:
Шарипбаев Д.Ж.
Ата-аналар – 50.
Хатшы. Мизамбаева С.С.

Күн тәртібінде:
1. «Су қауіпсіздігінің ережелері».
ДТІЖО Джумагазиева З.Ж.
2. «Су айдындарындағы қауіпсіздік», «Өрт қауіпсіздігі», «Жер сілкінісі
кезіндегі іс-әрекеттер»
Шу ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің
аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты:
Шарипбаев Д.Ж. Тыңдалды:
Алғашқы болып мектеп директоры Қадыр Т.Қ. сөз алып, жиналыстың күн тәртібімен таныстырып өтті. Ата-аналарға қазіргі жаз мезгіліндегі «Су айдындарындағы қауіпсіздік» шаралары , ережелері туралы айтты.
Келесі сөз кезегін Шу ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Шарипбаев Даурен Жомартұлы ата-аналарға қазіргі таңда қауіпсіздік шараларды орындамаудың нәтижесі қайғылы оқиғаларға әкеліп жатқандығын басып айтты. 8 маусым күні 8және 11 жастағы екі бала суға батып кетті. Қайғылы оқиға шу ауданы Бірлікүстем ауылында болған. «Су қауіпсіздігі», «Өрт қауіпсіздігі», «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер» тақырыбында өз баяндамасын оқып, ережелермен таныстырды. Суда жүзу кезіндегі талаптар: Қоршау белгілері қойылған жерлерде жүзуге болмайды;Тыйым салынған жерлерде суға түспеңіз; Суда жүзіп жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз; Мас күйінде суға жүзбеңіз; т.б. кеңестерін айтты. Өрт қауіпсіздігі бойынша: Электр және газ құралдарын қосулы күйінде қалдырмаңыз, сондай-ақ оған балаларды жақындатпаңыздар; Уақытша және зақымдалған электр өткізгіш сымдарын пайдаланбаңыз; Сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;т.б. Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер бойынша: Жер сілкінісі кезінде-жердің дүмпуінен қорықпаңыз, сабырлық сақтаңыз; Көшеде болсаңыз, ашық алаңға шығуға тырысыңыз, электр сымдар мен биік ғимараттардан аулақ болыңыз, балкондардан, карниздерден, парапеттерден алыс болыңыз;т.б кеңестер берді. Ата-аналарға қауіпсіздік шаралары тақырыбында жадынамалар таратты.
Келесі болып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Джумагазиева өз баяндамасында Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаментінің аудан әкімдігінің білім бөліміне келіп түскен мәліметіне сәйкес 2017жылы облыс өңірінде су айдындарында 33 адам қаза болып, оның ішінде 22-і (1 жастан- 5 жасқа дейінгі -8 бала, ал мектеп жасындағы 14 бала) балалар болды. Бұл жағдайлардың орын алу себептері олардың су айдындарының жанында қараусыз қалуы, өз күштерін асыра бағалау мен шомыла алмауы болып отыр.
Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың судағы қауіпсіздік ережелерін орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар деп кеңес берді.
Шешімі:

1. Жазғы демалыс маусымында оқушылардың су айдындарында адам өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау оқушылардың ата-аналарына міндеттелсін.





Жиналыс төрағасы: Т.Қ.Қадыр


Хатшы: Мизамбаева С.

Похожие публикации:

18 апрель 2018 Қыздың тәрбиесі
28 октябрь 2016 оқушыларға
25 октябрь 2016 Мектеп директоры
19 сентябрь 2016 Әкімшілік