"Алғашқы әскери дайындық "ПӘНІ МҰҒАЛІМІ ТҰРАҚТЫ ҚЫЗМЕТІНЕ КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Алғашқы әскери дайындық "ПӘНІ МҰҒАЛІМІ ТҰРАҚТЫ ҚЫЗМЕТІНЕ КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ
17
февраль
2026

"Алғашқы әскери дайындық "ПӘНІ МҰҒАЛІМІ ТҰРАҚТЫ ҚЫЗМЕТІНЕ КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

"Алғашқы әскери дайындық  "ПӘНІ МҰҒАЛІМІ ТҰРАҚТЫ   ҚЫЗМЕТІНЕ КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы  Шу ауданы білім бөлімінің Төле би атындағы орта мектебі» КММ
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
1. Лауазым: Алғашқы әскери дайындық  пәні мұғалімі  
2. Лауазымдық жалақысы: 100000-150000 тг (еңбек сіңірген жылдарына , біліктілік санатына байланысты)
3. Конкурсты өткізу мерзімі: 05.03.2026 жылы сағат 15:00
4. Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Төле би атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
5. Мекеменің мекен-жайы: Шу қаласы, С Сейфуллин көшесі №2А, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Төле би атындағы орта мектебі» КММ. 
Анықтама байланыс телефоны: 5-25-59
Tolebi.09@mail.ru
Біліктілікке қойылатын талаптар:
      "Бастапқы әскери оқыту және дене тәрбиесі оқытушысы" мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
      "Запастағы офицер", офицерлік құрам лауазымдарында жоғары (орта) әскери немесе педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжаты бар әскери қызметі болған жағдайда, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл, педагог-шебер үшін-5 жыл.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: 
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы
1) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
наркологиялық ұйымнан анықтама
Құжаттарды қабылдау мерзімі 18.02.2026-26.02.2026.