COVID-19 коронавирусының таралуының алдын алу жолдары мен сақтану » Төле биСредняя школа имени
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Төле биСредняя школа имени "
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» COVID-19 коронавирусының таралуының алдын алу жолдары мен сақтану
28
август
2020

COVID-19 коронавирусының таралуының алдын алу жолдары мен сақтану

Төле би атындағы орта мектебінің ата-аналары мен оқушыларына чат арқылы COVID-19 коронавирусының таралуының алдын алу жолдары мен сақтану шаралы бойынша жадынама, бейнероликтер таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

COVID-19 коронавирусының таралуының
алдын алу жолдары мен сақтанудың ережелері.
1. Қолды жиі жуып, антисептик қолдану.
Жеке бас гигиенасын сақтау, қол мен бетті таза ұстау - коронавирустан қорғанудың ең дұрыс жолы. Әр жарты сағат сайын қолды 20 секунд жылы сумен жуып, антисептик қолдану керек. Қол астыңызда арнайы тазарту құралы болмаса кез келген дәріханадағы кәдімгі спирт те жарамды. Егер оған аллергияңыз болса санитайзер қолданыңыз.
2. Қолма-қол ақша ұстамау.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустан қорғану үшін қолма-қол ақша ұстамауға кеңес береді. Оның орнына жеке картаңыз не телефонмен сауда жасаңыз. Ғалымдардың айтуынша, COVID-19 вирусы қатты заттың бетінде бірнеше күн тіршілік ете алады екен.
3. Телефонның экранын жиі тазалау.
Смартфоныңыздың бетінде қолдарыңызға қарағанда жүз есе көп бактерия жиналады. Кейбіреуіміз, тіпті, телефонымызды күні бойы қолымыздан тастамаймыз. Сол себепті телефонның экранын сағатына бір мәрте спиртті майлықпен тазалап тұру керек.
4. Адам көп жиналатын бұқаралық іс-шараларға бармау.
Дәрігерлер адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға кеңес береді. Сол үшін де 15 наурыздан бастап инфекция таралуының алдын алу үшін бұқаралық іс-шараларды, мерекелік шараларды, спорттық, ойын-сауық және мәдени шараларды, конференцияларды, семинарларды, көрмелерді және басқаларды өткізуге тыйым салынды.
5. Автобустың орнына көбірек жаяу жүру.
Қоғамдық көлікті жиі пайдаланбауға тырысыңыз. Оның орнына мүмкіндігінше жаяу жүрген абзал. Өйткені автобустағы кеңістіктің кіші және адамдардың көп болуы індеттің тез таралуына таптырмас орта. Дегенмен бүгін белгілі болғандай, қоғамдық көліктер әр рейстен кейін дезинфекцияланады. Бұған дейін қоғамдық көліктерге таңертең рейске шығар алдында және кешке рейс аяқталғаннан кейін дезинфекция жасалатын.
6. Балалар мен қарттарға көбірек көңіл болу.
Коронавирусқа қарсы қарттар мен балалар әлсіз. Балаларды қоғамдық орындарға, ойын алаңына жіберуді азайтып, жеке бас гигиенасын сақтауға үйретіңіз. Ал дәрігерлер қарттарға үйден шықпауға кеңес береді. Дәріхана не дүкенге сауда жасағанда сақтық шараларын ұстаныңыздар.
7. Қол алыспау.
Дәрігерлер өзге адаммен қол алыспауға және жақын тұрмауға кеңес береді. Көп елдерде ресми түрде қол алысуға тыйым салынған. Бұның бәрі коронавирус індетінің алдын алуға бағытталған.
8.Медициналық масканы адам көп жиналатын жерлерде, қоғамдық орындар мен жабық кеңістікте киген жөн. Масканы 20 минут сайын ауыстырып тұрған дұрыс болады.
9. Иммунитетті күшейту
COVID-19 вирусы иммунитеті әлсіз және созылмалы ауруы бар адамдарға көбірек жұғатыны белгілі. Сол үшін дәрігерлер дұрыс өмір салтын ұстанып, дене шынықтырумен айналысуға кеңес береді. Ұйқыңызды реттеп, ақуызға бай, витамин құрамы жоғары тамақ тұтыну керек.
10. Жалған ақпаратқа сенбеу.
Коронавирус эпидемиясы басталғалы бері әлемде түрлі қауесет ақпарат көбейіп кетті. Ауру туралы жалған ақпарат шыға бастады, сол себепті де тек ресми жаңалықтарды тыңдап, қауесетке құлақ аспаңыздар.


Наш адрес
Шу қаласы, С.Сейфуллин улица 2А, байланыс тел.(872643)22559

Важные ресурсы
©2016-2020, Ресми сайт Коммунальное государственное учреждение "Төле биСредняя школа имени " КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru